Главная

Опрос

Удовлетворены ли Вы информацией, представленной на нашем сайте? Всего проголосовало: 68
Архив опросов

Новости

Главная Новости Облыстық басқарма басшыларымен кездесу өтті

Облыстық басқарма басшыларымен кездесу өтті

02 Ноября 2017 г.

Облыстық басқарма басшыларымен кездесу өтті

 

         12 қазан 2017 жылы «Май ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында Май ауданы тұрғындарының мақсатты топтарымен Павлодар облысы жолаушылар тасымалдау және автомобиль жолдары басқармасының басшысы К.Ш.Кашировпен және Павлодар облыстық құрылыс басқармасының басшысы міндетін атқарушы А. Қозыбаевпен есептік кездесуі өтті.

         Осы есептік кездесу 2017 жылғы 12 қыркүйекте Павлодар облысы әкімі Б.Ж.Бакауовпен бекітілген облыстық басқарма басшыларымен кездесу кестесі бойынша жүргізілді. Оның мақсаты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 20 мамырда бекіткен «Ұлт жоспары- 100 нақты қадам- Қазіргі мемлекет баршаға» атты Бағдарламасы аясында, нақтылап айтқанда Президенттік реформаның 5 бағытындағы 95 қадам. Есептік кездесуге аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық қоғамдық кеңес, азаматтық қоғам өкілдері, БАҚ, аудандық білім беру қызметшілерінің кәсіподағы, еңбек ардагерлері, ауданның құрметті азаматтары, жергілікті мекеме, кәсіпорын және атқарушы органдар басшылары қатысты.

         Есептік кездесудің нұсқасын әзірлеп ұйымдастырушы аудандық мәслихат болды, ал кездесуді Май ауданы әкімінің орынбасары Сыздықбаев Ә.Т. жүргізді - сондай-ақ ол кездесуді кіріспе сөзбен ашып, күн тәртібімен таныстырып, облыстық басқарма басшыларына сөз берді. Облыстық басқарма басшыларымен есептік кездесудегі баяндамалары тыңдалғаннан кейін, Май ауданының қоғамдық өкілдері тарапынан аудан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты тұрғындарға көрсетілетін қызметтер жөнінде сауалдар қойылды. Павлодар-Алматы теміржол бағыттары бойынша жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру, Павлодар-Семей бағыттары бойынша автобустың Көктөбе ауылына кіруін ұйымдастыру, Ақжар және Май ауылдарының арасындағы жолдар қай уақытта күрделі жөндеуден өтетіні туралы, үлкен тас жолы бойында қысқы уақытта Көктөбе ауылының қарсы бетінде және Малайсары мен Саты ауылдарының аралығында жолды қардан тазалауға кім жауапты, сондай-ақ Ақшиман ауылында су құбырын әр үйге тарту мәселесін шешу туралы сауалдар қойылды.

         Қойылған сауалдарға байланысты облыстық басқарма өкілдері Павлодар-Алматы бағыты бойынша 2018 жылдан бастап «Тальго» поезы жүретінін, Павлодар-Семей бағыты бойынша автобустың Көктөбе ауылына кіруін бақылауға алынатынын, Май және Ақжар ауылдарының арасындағы жолды жөндеу қаражат 2019 жылғы бюджетте қарастырылғанын, қысқы уақытта үлкен тас жол бойын қардан тазалау мердігердің міндеттеріне жататынын және Ақшиман ауылы бойынша су құбыры мәселесі қарастырылатыны туралы жауаптарын берді. Негізінен есептік кездесу билік пен тұрғындар арасында екіжақтық ашық пікір алысу және бұл кездесу энергетика және тұрғын-үй шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы саласында аудан өңірінің өзекті әлеуметтік қажетті  мәселелерін  шешу жолдарына сәйкес өзара пікірлесу аясында өтті.

         Сонымен қатар, ауданның қоғамдық өкілдері тарапынан бұл есептік кездесудің тиімділігін айта келіп, жергілікті БАҚ арқылы тұрғындарға тарифтердің өзгеруіне және басқа да мәселелерге байланысты ұдайы түсіндірме жұмысын жүргізіп отыруы ұсынылды.