Депутаты

Павлодар облысы мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы № 128/14 «2017-2019 жылдарда субсидиялауға жататын Павлодар облысы бойынша әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Дата: 2018-12-24 11:14:40

 

Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылдың  4 шілдесіндегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 тамыздағы «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 883 бұйрығына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Павлодар облысы мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы № 128/14 «2017-2019 жылдарда субсидиялауға жататын Павлодар облысы бойынша әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне (мемлекеттік тіркеудегі құқықтық нормативті актілердің № 5543 Тізбесінде тіркелген, 2017 жылғы 30 маусымдағы «Регион.kz» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес көрсетілген шешімге қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешімді орындау бойынша бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Сессия төрағасы                                                               Ж. Тұрлыбаев

                                 

                                                                

         Облыстық мәслихаттың

         хатшысы                                                                            Б. Бексейітова

 

 

  Павлодар облысы мәслихатының   жылғы «    »                                                                            № __ шешіміне қосымша

 

Павлодар облысы мәслихатының

2017 жылғы 15 маусымдағы

(VI сайланған, ХІV сессиясы),

№ 128/14 шешіміне

қосымша

 

2017-2019 жылдарда cубсидиялауға жататын

Павлодар облысының әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастарының тізімі

 

р/с

Қала және аудан атауы

Маршруттардың тізімі

1

2

3

1

Ақсу қаласының ауылдық аймағы

1) № 1 «Теміржол вокзалы-Ескі монша»;

2) № 3 «Теміржол вокзалы-Солтүстік өткел Евроазиаттық

 энергетикалық корпорациясы Акционерлік қоғамы»;

3) № 6 «Ақсу орталық ауруханасы-«Ягодка» бау-бақшасы»;

4) № 7 «Ақсу орталық ауруханасы- «Ақсу су арнасы»; Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның су мұнарасы»;

5) «Теміржол вокзалы-Беловка кенті» Беловка кенті;

6) Ақсу - Кұркөл-Ақсу;

7) Ақсу - Сольветка-Ақсу;

8) Ақсу-Сарышығанақ -Ақсу;

9) Ақсу-Парамоновка-Ақсу;

10) Ақсу-Ақжол-Ақсу.

2

Ақтоғай ауданы

1) Ақтоғай - Шолақсор-Ақтоғай;

2) Ақтоғай - Барлыбай-Ақтоғай;

3) Ақтоғай - Қарабұзау-Ақтоғай;

4) Шұға - Ақтоғай-Шұға.

3

Железин ауданы

1)Железинка ауылы (Моисеевкаауылына кірумен).

4

Ертіс ауданы

1) Ертіс - Қызылқақ-Ертіс;

2) Ертіс (Энергоорталық) - Қызылжар-Ертіс;

3) Қызылағаш - Селеті - Ертіс - Селеті-Қызылағаш;

4) Майқоңыр - Төбелес - Ертіс - Төбелес-Майқоңыр;

5) Ертіс - Амангелді-Ертіс;

6) Қосағаш - Ертіс-Қосағаш;

7) Ертіс - Қараағаш-Ертіс.

5

Тереңкөл ауданы

1) Тереңкөл - Ивановка - Львовка - Фрументьевка - Воскресенка - Березовка-Трофимовка;

2) Тереңкөл ауылы бойынша Ынталы ауылына кірумен.

6

Аққулы ауданы

1) Майқарағай-Аққулы;

2) Қазантай-Аққулы;

3) Баймолдино-Аққулы;

4) Жабағлы-Аққулы;

5) Шоқтал-Аққулы.

7

Май ауданы

1) Ақшиман - Көктөбе-Ақшиман.

8

Павлодар ауданы

1) Ольгинка-Павлодар;

2) Жамбыл-Павлодар.

9

Успен ауданы

1) Дмитриевка - Қоңырөзек-Успен;

2) Надаровка - Вознесенка - Чистополь-Успен;

3) Тимирязево - Ольховка-Успен.

10

Шарбақты ауданы

1) Шарбақты-Сахновка (Қосқұдық арқылы);

2) Шарбақты-Жылыбұлақ (Маралды, Көлбұлақ арқылы);

3) Есілбай-Шарбақты (Малиновка, Галкино, Арбиген, Ботабас, Чигириновка арқылы).