Депутаты

Павлодар облыстық мәслихатының ШЕШІМІ (VI сайланған ХХVI (кезекті) сессиясы) № 296/26

Дата: 2018-12-24 11:42:16

Павлодар қаласы                                                             2018 жылғы 13 желтоқсан

 

Павлодароблыстық мәслихатының 2010 жылғы 25 тамыздағы

(IV сайланғанХХVI сессиясы)«Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі туралы»

№ 298/26 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

                Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 93 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгі ережесіне,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

   1. Павлодар облыстық мәслихатының 2010 жылғы 25 тамыздағы (IV сайланған ХХVI сессиясы) «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі туралы» № 298/26 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

     «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Сессия төрағасы                                                       Ж. Тұрлыбаев

Облыстық мәслихаттың

хатшысы                                                                       Б. Бексейітова

Павлодар

облысы мәслихатының 

 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 296/26 шешіміне қосымша

 

«Павлодар облысы мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

1. «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Павлодар облысы мәслихатын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасыныңзаңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқысы бар.

7. «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Павлодар облысы мәслихаты хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.

8. «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 49.

Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі:

дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

13. «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2 тарау. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,  құқықтары мен міндеттері

14. «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы – мәслихаттың, оның органдарының және депутаттарының қызметін қамтамасыз ету.

15. Міндеттері:

1) облыстық мәслихат қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету;

2) облыстық мәслихатпен қабылданған шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуын қамтамасыз ету;

3) облыстық мәслихат депутаттарының қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

4) халықты облыстық мәслихат қызметі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету;

5) мәслихаттың бақылау функцияларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

6) мәслихаттың ақпараттық жүйелерін жетілдіру;

7) мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өтуін қамтамасыз ету.

16. Функциялары:

1) облыстық мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау бойынша қызмет көрсету;

2) облыстық мәслихаттың қарауына енгізілген нормативтік құқықтық актілер жобалары мен өзге де шешімдер жобаларының әзірленуін бақылау, облыстық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілер мониторингін жүргізу;

3) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды тағайындау, іс-сапарлық шығындарды өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін қажетті өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;

4) бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихат қызметі туралы басылымдардың, облыстық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің жариялануын ұйымдастыру;

5) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинақтау және талдау, облыстық мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі бойынша есеп беретін мемлекеттік органдардың қызмет қорытындысы бойынша анықтамалар дайындау;

6) облыстық мәслихат аппаратының ресми сайтын облыстық мәслихат қызметі туралы қажетті ақпаратпен толтыру және оның бөліктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Өз құзыреті шеңберінде облыс мәслихаты Регламентінің орындалуын қамтамасыз ету;

2) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;

3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін облыстық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді талқылауға қатыстыру, тиісті шешімдерді даярлау үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

4) депутаттар сауалдарын және депутаттық ұсыныстарды дер кезінде қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге депутаттық сауалдар жолдау;

5) облыстық мәслихатқа жолданған азаматтардың өтініштерін орындау мерзіміне және нәтижелеріне бақылау жүргізу;

6) облыстық мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету.

3 тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне

басшылықты облыстық мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады, ол «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.

19. Облыс мәслихатының хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады және қызметінен босатылады.

20. Облыс  мәслихаты хатшысының өкілеттіктері:

1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;

4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;

6) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

7) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының              24-бабына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

8) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;

10) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады;

11) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;

12) облыстық мәслихаттың қарауына облыс тексеру комиссиясының төрағасы лауазымын тағайындауға кандидатуралар, сондай-ақ оларды лауазымынан босату туралы ұсыныс енгізеді;

Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

13) мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды;

14) бекітілген заң тәртібімен өз құзыреті шеңберінде аппарат қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік жаза қолданады;

15) «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдағаны үшін дербес жауапты болады.

21. Облыстық мәслихаттың хатшысы облыс мәслихатының аппараты басшысының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

22. Облыс мәслихатының аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын облыс мәслихатының хатшысы басқарады.

23. «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.

24. «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

25. «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

 «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

26. «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

27. Егерде заңнамада өзгеше көзделмесе, «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

28. «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.