Депутаты

Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Дата: 2018-12-24 11:46:40

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) Павлодар облыстық мәслихатының 2015 жылғы 4 мамырдағы «Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4506 болып тіркелген, 2015 жылы 5 маусымда «Регион.kz» газетінде, 2015 жылы 9 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) № 349/41шешімі;

2) Павлодар облыстық мәслихатының 2016жылғы 3ақпандағы «Павлодар облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 4 мамырдағы (V сайланған XLI (кезектен тыс) сессиясы) «Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 349/41 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4921 болып тіркелген, 2016 жылы 17 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылы 19 ақпанда «Регион.kz» газетінде жарияланған) № 430/48 шешімі.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                        Ж. Тұрлыбаев

Облыстық мәслихаттың хатшысы                          Б. Бексейітова