Депутаты

Павлодар облыстық мәслихатының ШЕШІМІ (VI сайланған ХХVІ (кезекті) сессиясы) № 299/26

Дата: 2018-12-24 12:10:06

Павлодар қаласы                                                           2018 жылғы 13 желтоқсан

Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 24 наурыздағы

«VI сайланған Павлодар облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы» № 7/1 шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 24 наурыздағы «VI сайланған Павлодар облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы» № 7/1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

         облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамынан Павлодар қаласының № 17 Мойылды сайлау округінен депутат, Паули Элина Сергеевна шығарылсын;

облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамынан Екібастұз қаласының № 28 Станция сайлау округінен депутат, Әбдіғұлов Мұрат Кеңесұлы шығарылсын.

          2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі және әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларына жүктелсін.

         Сессия төрағасы                                                              Ж. Тұрлыбаев

                                                              

         Облыстық мәслихаттың

         хатшысы                                                                            Б. Бексейітова