Депутаты
Крук Олег Павлович
09-03-2018 14:13
Крук Олег Павлович

1967 жылы Павлодар қаласында туды. 1992 жылы «өндірістік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша Павлодар индустриалды институтын бітірді.

Еңбек қызметі:

1992 - 1995 жж. - Павлодар ЖЭО-3 қазандық цехының инженер-технологы, машинист-қараушысы.

1995 - 1997 жж. - «Ремэнерго» фирмасының бас инженері, Павлодар ЖЭО-3 жөндеу жөніндегі бас инженердің орынбасары.

1997 - 1998 жж. - «Компания CCL-Энерго» ЖШС материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.

1999 - 2008 жж. - «Казснабцентр» ЖШС қамтамасыз ету жөніндегі менеджер, «Казпромресурс» ЖШС қамтамасыз ету жөніндегі менеджер, «Теплоцентр-Северный» ЖШС-нің бас инженері, «Павлодарэнерго» ААҚ жылу желілерінің директоры, «Павлодар жылу желілері» АҚ басқармасының президенті, Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2008 - 2012 жж. - Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

2013 - 2018 жж. - «HAGI-Павлодар» ЖШС-нің күрделі құрылыс жөніндегі бас директорының орынбасары, «Казэнергокабель» АҚ-ның бас директоры.

2018 жылдың шілдесінен бастап - «Казэнергокабель» АҚ-ның атқарушы директоры.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Наградалары мен марапаттаулар: «Ерен еңбегі үшін» медалі (2014 ж.), «Белсенді қызмет үшін» медалі (2017 ж.).