Депутаты
Паули Элина Сергеевна
09-03-2018 14:13
Паули Элина Сергеевна

             1990 жылы Павлодар қаласында туды. 2011 жылы «ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірді, 2018 жылы - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Startup магистратурасын бітірді, «философия» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдарының магистрі.

Еңбек қызметі:

  2011 - 2012 жж. - «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялар дирекциясы Павлодар облыстық филиалының ЭЕМ операторы.

   2012 - 2013 жж.  - «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялар дирекциясы Павлодар облыстық филиалыныңұйымдастыру-бақылау бөлімінің іс жүргізу әкімшісі, Павлодар облысы ҚХА-ның жастар бірлестігі үйлестіру кеңесінің төрағасы.

  2014жылдан бастап – бизнесте жұмыс, қоғамдық-саяси, ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу компаниясының басшысы.Татар және башқұрттар ЭМБ республикалық ассоциациясы жанындағы жастар комитеті басқармасының мүшесі.

  «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Наградалары мен марапаттаулар:Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Құрмет грамотасы (2013 ж.), «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының Алғыс хаты (2014 ж.), ҚР Президентінің Алғыс хаты (2015, 2016 жж.), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі (2015 ж.), «Дарын»мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.