Депутаты
2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау мәселесі жөнінде түсіндірме хат
11-03-2018 23:10

2017 жылға облыстық бюджетті нақтылау 7 ай ішінде бюджетті орындау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабына сәйкес жүргізіледі.

 

Облыстық әкімшілерінің ұсыныстары бойынша  1,6 млрд. теңгесомада қаражат азайтылды, олардың ішінен: 

- 7 ай ішінде мемлекеттік сатып алулар жүргізу қорытындылары бойынша үнем  – 423,1 млн. теңге;

- жобаларды іске асыру мерзімдерін қайта қарастыру -400,6 млн. теңге (Екібастұз-Бесқауға автожолдарын жөндеу, Екібастұз қ.5 қабатты тұрғын үй жанында аумақты абаттандыру)

- ағымдағы жылы құрылыс жұмыстардыңкөлемдерін қайта қараумен байланысты бірлесіп қаржыландыру көлемдерін азайту («Сарыарқа» ықшамауданда№ 12 және № 15 үйлерді, Павлодар қ. ТҚС-282 трансформаторлық қосалқы станцияны қайта жаңартумен № 2/3 тартатын сорғыш станциясын, Ақсу қ. қалалық жылыту қазандығын салу бойынша–  772,4 млн. теңге;

-қаражатты оңтайландыру–59,9 млн.теңге(Павлодар қ. Усолка ықшамауданда бюджеттен тыс қаражат есебінен жұмыстарды жүргізуге байланысты жеңіл атлетикалық манежді салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу;  «Мичурин балалар үйі» КММ тарату).

 

Бюджет жобасында 2,0млрд. теңге сомасында тұрғын үй салуға мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудан түсім көзделді.

Сондай-ақ, кіріс бөлігінде 24,7 млн. теңге сомада салықтық емес төлемдер бойынша нақты түсімдер ескерілді.

 

Облыстық бюджеттік комиссиясы облыстық бюджетті нақтылауға              3,6 млрд. теңге сомада салалық басқармалар өтінген қосымша іс-шаралар келесі басымды бағыттар бойынша қолдау тапты.

 

Білім беру саласында мектепке дейін білім беру балаларды қосымша қамту мақсатында, сондай-ақ жетім балаларды, халықтың әлеуметтік әлсіз топтардан шыққан балаларды қолдау үшін:

-Майқайың к. (25,3 млн. теңге)және Шарбақты а. (15,6 млн. теңге)2 қайта іске қосылатын балабақша жабдықтауға – 40,9млн. теңге (жұмсақ және қатты мүкаммал, ұйымдастырушылық техника, жиһаздар, ойыншықтар, спорт мүкаммалдары, әдістемелік құралдар);

- Мичурин а. «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына ұстауға (150 бала)25,0 млн. теңге.

- 143 жалпы білім беру мектептерінде шахмат үйірмелерін ашу бойынша 20,0 млн. теңге көзделді.

- Федоров мектебіне күрделі жөндеу бойынша(Качир ауданы) - 71,0 млн. теңгеқосымша бөлінді.

Бұдан басқа, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №10 мектеп-лицейіне жапсаржай, Ақсу қара металлургия колледжі және Павлодар көлік және коммуникация колледжі үшін 200 орынға арналған 2 жатақхана салуға жобалық құжаттама әзірлеу жоспарлануда. Ағымдағы жылы жобалық жұмыстарды басталуына 3,0 млн. теңге көзделді. 

Спорт саласындабұқаралық спорт және дене тәрбиесі-сауықтыру қозғалысын дамытуға қосымша54,7 млн. теңгекөзделді, олардың ішінде Пхенчангте (Оңтүстік Корея)2018 жылғы кезекті 23-ші Қысқы Олимпиадалық ойындарға және шорт-трек бойыншаспорттың қысқы түрлеріне облыстық құрама командаларын дайындауға және қатысуға, облыстық жарыстарын өткізуге17,5 млн. теңге.

Бұдан басқа, Олимпиадалық резервтің жүзу бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бассейнін қайта құруды аяқтауға 31,8 млн. теңге.

Мәдениет саласындамәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру және жүргізу және театр және музыкалық өнерді қолдау бойынша жұмысты жалғастыру үшін 40,9 млн. теңге көзделді, Ертіс ауданы Амангелді а.ауыл клубын ғимаратын 12,5 млн. теңге; Май ауданы Көктөбе а.мәдени-ойын-сауық орталығын жабдықтау – 15,0 млн. теңгекөзделді.

Жастар саясаты саласындажастармен тиімді жұмысты арттыру, соның ішінде "Volonter.KZ" Республикалық волонтерлер форумының жастар еңбек жасағының қызметін ұйымдастыру үшін 13,2 млн.теңге көзделді.

Халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау мемлекеттік шараларды іске асыру мақсатында қосымша шығыстар қолданды:

- қызмет алушылар саны қосымша 50 адамға ұлғаюына байланысты (бар контингент – 200адам), Шалдай ауылында психоневрологиялық орталықты ағымдағы ұстауға (қазан – желтоқсан)-14,0 млн. теңге;

         - "Черноярская жемчужина" демалу үйінің базасында зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалар үшін әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға -  20,0 млн. теңге. Аталған жоба шеңберінде қыркүйектен ағымдағы жылдың соңына дейін 440 адамның денсаулығын сауықтыру жоспарлануда (8 бару, емделу курсы – 12 күн, жолдама бағасы – 45457 теңге).

Көлік инфрақұрылымы саласындаЕкібастұз қ. Павлов көшесін25,8 млн. теңгесомағаорташа жөндеу қосымша жоспарлануда.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында келесі бастапқы бағыттар бойынша бағытталған.

Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау объектілерін салу бойынша жұмыс кестесінің озуына байланысты аяқталуы 2018 жылға республикалық бюджет есебінен жоспарланған инвестициялық жобалар үшін толық көлемде бірлесіп қаржыландыру көзделген. Осы мақсаттарға қосымша 356,8 млн. теңгебөлінді.

Екібастұз қаласы 20 ықшамауданда жарықтану желісін салуға 32,5 млн. теңге көзделді.

Ағымдағы жылы Качиры ауданы тұрғын үй салуға және Ақсу қ.а.а.  Қалқаман а. 4 қабатты тұрғын үй қайта құруға 30,0 млн. теңгежолдау жоспарлануда.

Облыстың жергілікті атқарушы орган шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарды сатудан қаражат есебінен «ҚТҚЖБ»АҚ салымшылар үшін тұрғын үйлерді салу сәтті жүзеге асыруда. Бүгінге Павлодар қ. 3 кредиттік тұрғын үй салу іске қосылды, жыл соңына дейін Ақсу және Екібастұз қалаларында 2 үй аяқталатын болады. 

«Байтерек девелопмент» АҚ-мен 2017-2018 жылдар кезеңінде аталған тетік шеңберінде 8,4 млрд. теңге жалпы сомаға тағы 13 тұрғын үй салуға келісімделді. 2017 жылы «Байтерек девелопмент» АҚ-менмемлекеттік бағалы қағаздарды сатудан2,0 млрд. теңгеқосымша түсім есебінен 9 тұрғын үй салу  басталады: Павлодар қ. – 6, Екібастұз қ. - 3.

Сондай-ақ Ақсу қаласындааула аумақтарда абаттандыруға(Камзин көш. ауылы– 66,8 млн. теңге;Әуезов көш.ауылы – 3,2 млн. теңге)70,0 млн. теңгежолдаужоспарлануда.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарышеңберіндеІшкі істер департаментінеавтокөліктіGPS жүйесінің жол-патрульдік қызметімен, автомобиль бейнетіркегіштермен, дабылды дауыс зорайтқыш құрылғылармен жабдықтауға 36,1 млн. теңге қосымша бөлінді.

Кәсіпкерлік қызметін қолдау шеңберінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта субъектілер үшін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 177,9 млн. теңге көзделді.

Бұдан басқа, кәсіпкерлік қызметті қолдау шеңберіндежобаларды аяқтауға жобаларды 62,4 млн. теңгеқосымша бөлінді, соның ішінде:

-кәсіпкерлік субъектісіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу бойынша жобаны бірлесіп қаржыландыру  – 58,2 млн. теңге;

- «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында инфрақұрылымды тарату бойынша 5 жұмыс жобасына сараптама жүргізу - 4,2 млн. теңге;

- Павлодар АЭА инвестицияларын және дамытуды тарту бойынша іс-шаралар  – 14,0 млн. теңге.

 

Ауыл шаруашылығы саласында 251,4 млн. теңгесомасында қосымша қаражат бөлінді.

- тұқым шаруашылығын қолдауға151,7 млн. теңге, сатып алынған арзандатылғантүпнұсқа тұқымдарын және жоғары репродукциялардың тұқымдарын төлеу мақсатында, өңірлік тұқым шаруашылығының меншік іріктелген тұқымдарын субсидиялауға(108 АШТӨ жұмысқа кірісті, соның ішінде облыстың 7 аттестатталған тұқым өндірушілер үшін);

- тыңайтқыш құнын субсидиялауға (органикалықты алып тастағанда)99,7 млн. теңге, минералды тыңайтқыштардың 1 689,4 тоннамөлшерінде және 7 425 литр мөлшерінде қажеттілікті жабу мақсатында(Ақсу қаласы, Ақтоғай, Железин, Ертіс, Лебяжі және Успен аудандары үшін).

Ветеринария басқармасы бойыншабруцеллезбен ауырған малдар үшін иелерінеөтеуге құнынан 30%қосымша(а.ж. наурыз-сәуірде жүргізілген  серологиялық зерттеуді есепке алумен) 52,5 млн. теңге бөлінді(1 120 бас, соның ішінде  816 бас–жеке тұлға, 304 бас –ауыл шаруашылықты қалыпт.).

 

Енгізілген өзгертулерді есепке алумен2017жылға облыстық бюджеттің нақтыланған көлемі 151,6 млрд. теңгені құрайды, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 44,0млрд. теңге.