Депутаты
2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
11-03-2018 23:10

 

(VІ сайланған ХVІІІ сессиясы)

№ 175/18

 

Павлодар қаласы                                                              2017 жылғы 14 желтоқсан

 

 

2018-2020  жылдарға арналған

облыстық бюджет туралы

Косымша (216,59kb)

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001                     жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті                 мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы                 1-тармағының 1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы              8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды              дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына            сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2018 жылға арналған мына көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 136442851 мың теңге, соның ішінде:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

салықтық түсімдер – 27734288 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1890264 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 800 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 106817499 мың теңге;

2) шығындар – 136350585 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 5079314 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 8961277 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 3881963 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – -288240 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 86500 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 374740 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -4698808 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 4698808 мың теңге.

2. Аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2018 жылға мына көлемдерде үлестіру бекітілсін:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығы бойынша:

Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качир, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу қаласына – 100 пайыз, Павлодар қаласына – 50 пайыз, Екібастұз қаласына – 84,6 пайыз;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығы бойынша:

Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качир, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларына – 100 пайыз;

3) шетел азаматтарының төлем көзінен салық салынбайтын табыстарынан жеке табыс салығы бойынша:

Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качир, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу қаласына – 100 пайыз, Павлодар қаласына – 50 пайыз, Екібастұз қаласына – 84,6 пайыз;

4) әлеуметтік салық бойынша:

Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качир, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу қаласына – 100 пайыз, Павлодар қаласына – 50 пайыз, Екібастұз қаласына – 84,6 пайыз.

3. Облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2018 жылға мына көлемдерде үлестіру бекітілсін:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан және шетел азаматтарының төлем көзінен салық салынбайтын табыстарынан жеке табыс салығы бойынша:

Павлодар қаласынан – 50 пайыз, Екібастұз қаласынан – 15,4 пайыз;

2) әлеуметтік салық бойынша:

Павлодар қаласынан – 50 пайыз, Екібастұз қаласынан – 15,4 пайыз.

4. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте қалалық бюджеттерден облыстық бюджетке жалпы 26271060 мың теңге сомада бюджеттік алымдар ескерілсін, соның ішінде:

Павлодар

22934016 мың теңге;

Екібастұз

3337044 мың теңге;

5. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне облыстық бюджеттен берілетін субвенциялардың көлемі жалпы 27367549 мың теңге сомада ескерілсін, соның ішінде:

Ақтоғай -

2727404 мың теңге;

Баянауыл -

3079614 мың теңге;

Железин -

2697765 мың теңге;

Ертіс -                                 

3024812 мың теңге;

Качир -                                   

3206980 мың теңге;

Лебяжі -                              

2482596 мың теңге;

Май -                                      

2070731 мың теңге;

Павлодар -                              

2958452 мың теңге;

Успен - 

2179353 мың теңге;

Шарбақты -                          

2724041 мың теңге;

Ақсу қаласы -                          

215801 мың теңге.

6. 2018 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылу үдерісінде секвестрге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі                4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

7. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер мына көлемдерде қарастырылғаны ескерілсін:

120000 мың теңге – ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне бюджеттің төртінші деңгейін енгізу шеңберінде қызметтік автокөлік сатып алуға; 

1936287 мың теңге – білім беру саласындағы ағымдағы және күрделі сипаттағы шығыстарға;

467874 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға;

21000 мың теңге – жылумен жабдықтау жүйелерін күрделі жөндеуге;

2068313 мың теңге – елді мекендерді абаттандыру және жарықтандыру бойынша іс-шараларды жүргізуге;

25200 мың теңге – спорт саласындағы күрделі сипаттағы шығыстарға;

100000 мың теңге – футболдан спорт жарыстарына дайындыққа және қатысуға;

222478 мың теңге – мәдениет саласындағы ағымдағы және күрделі сипаттағы шығыстарға;

50000 мың теңге –бруцеллез ауруына шалдыққан, санитариялық
союға жіберілетін ауыл шаруашылығы малдарының құнын өтеуге;

659540 мың теңге –мемлекеттік коммуналдық қордың тұрғын үйлерін сатып алуға;

16000 мың теңге – ауылдық елді мекендердің даму және құрылыс салу схемаларын әзірлеуге;

602010 мың теңге – көлік инфрақұрылымының басымдықты жобаларын қаржыландыруға;  

3440446 мың теңге – аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына және елді мекендердің көшелеріне күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жүргізуге;

8. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне нысаналы даму трансферттері мына көлемдерде қарастырылғаны ескерілсін:

136663 мың теңге – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға;

2451025 мың теңге – коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жобалауға және (немесе) салуға, реконструкциялауға;

1143449 мың теңге – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға;

1594169 мың теңге – ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

685037 мың теңге - сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

247986 мың теңге – коммуналдық шаруашылықты дамытуға;

220102 мың теңге – қалалар мен ауылдық елді мекендерді абаттандыруды дамытуға;

4459468 мың теңге – жылу энергетикалық жүйені дамытуға;

257165 мың теңге – мәдениет объектілерін дамытуға;

410274 мың теңге – ауыл шаруашылығы объектілерін дамытуға;

747248 мың теңге – спорт объектілерін дамытуға;

397213 мың теңге – қосымша білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға;

234181 мың теңге – Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға.

9. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне облыстық бағдарламалар бойынша берілетін республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі 2018 жылға мына мөлшерде белгіленсін:

131269 мың теңге – тілдік курстар өтілінен өткен мұғалімдерге үстемеақы төлеу үшін және оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге үстемеақы төлеу үшін;

106882 мың теңге – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге;

113455 мың теңге – Халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге;

4892 мың теңге – мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға;

661104 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға;

268528 мың теңге – Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға;

201054 мың теңге – үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға.

10. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне облыстық бағдарламалар бойынша берілетін республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің көлемі 2018 жылға мына мөлшерде белгіленсін:

50000 мың теңге – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға;

1562500 мың теңге – коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жобалауға және (немесе) салуға, реконструкциялауға;

3216191 мың теңге – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға;

8152531 мың теңге – ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға;

2754684 мың теңге – сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға;

3024187 мың теңге – жылу энергетикалық жүйені дамытуға.  

11. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне кредит беру мына мөлшерде көзделсін:

6416463 мың теңге – тұрғын үйлерді жобалауға және салуға.

844944 мың теңге – мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін.

12. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне нысаналы трансферттердің көрсетілген сомасын үлестіру облыс әкімдігінің қаулысы негізінде анықталады.

13. Мыналарға байланысты 2018 жылға арналған облыстық бюджетке аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен трансферттердің түсімдері ескерілсін:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мерзімі 2018 жылдан 2020 жылға ауыстырылуына – 1779258 мың теңге;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары бойынша мөлшерлемелердің азаюына - 538247 мың теңге.

Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен трансферттердің көрсетілген сомаларының облыстық бюджетке түсімдері облыс әкімдігінің қаулысы негізінде анықталады.

14. Облыстың жергілікті атқарушы органының 2018 жылға арналған резерві 592500 мың теңге сомада бекітілсін.

15. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

16. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

17.   Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.  

 

 

 

Сессия төрағасы                                                        О. Крук                                                           

 

 

Облыстық

мәслихат хатшысы                                                   В. Берковский