Депутаты
«Қауіпсіз терезе» акциясы
11-04-2018 18:25
«Қауіпсіз терезе» акциясы

Павлодар облыстық мәслихатының депутаттарымен балалар ұшырайтын жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша «Қауіпсіз терезе» атты акциясының өткізілуіне бастамашылық етілді.

2018 жылдың 11 сәуірінде осы өзекті мәселе бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізу мақсатында Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Б.М. Бексейітова Екібастұз қаласына сапар шегіп, акция аясында кездесу өткізді.

Кездесуге Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы Б.Қ. Құспеков, атқарушы органдардың өкілдері және пластикалық терезелер орнатумен айналысатын кәсіпкерлер қатысты.

Өзінің сөз сөйлеуінде Бақыт Мақанқызы балалардың терезеден құлап түсуі бойынша Павлодар өңірінде болған үш фактіге тоқталып өтті. Облыс бойынша 2016 жылы 20 оқиға болды, солардың ішінен біреуі Екібастұз қаласында баланың қаза болуымен аяқталды, өткен жылы 22 факті тіркелді, олардың 2 - Екібастұзда.

Сондай-ақ, қатысушыларды Павлодар қаласында аталған фактілерді болдырмау және олардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті және Екібастұз қаласын осы жүргізіліп жатқан акцияға қосылуға шақырды. Білім беру бөліміне және терезелер орнатумен айналысатын кәсіпкерлерге мектепке дейінгі мекемелерінде өткізілетін ата-аналар жиналыстары барысында балаларға арналған құлыптар, терезелерге шектеуіштер орнату туралы таныстырылымдар, балалар мекемелерінде, қоғамдық көліктерде буктемелер әзірлеп тарату, бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама орналастыру, теледидарда тікелей эфир және бейнероликтер көрсету сияқты түсіндіру және ақпараттық сипаттағы жұмыстарды жүргізу бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

Екібастұз қаласының мектепке дейінгі мекемелерінде 6944 балалар тәрбиеленіп және оқытылып жатыр, екінші қабаттан жоғары 4229 пәтерлерде сәбилері бар отбасылар тұрады, бүгінгі күнге 3000-ға жуық балалар қауіпсіз терезелермен қамтылмаған.

Кездесу соңында Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Б.М. Бексейітова қала кәсіпкерлерімен бірауыздан қолдау тапқан, кішкентай сәбилері бар күнкөрісі төмен отбасылары үшін балаларға арналған терезе құлыптарын бонус ретінде орнату бойынша ұсыныс енгізді.