Депутаты
Екібастұз қаласының автомобиль жолдарын аралап шығу
11-04-2018 18:30
Екібастұз қаласының автомобиль жолдарын аралап шығу

«Қауіпсіз терезе» акциясы аясында өткен кездесуден соң облыстық мәслихаттың хатшысы Б.М. Бексейітова Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы Б. Құспековпен және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, 2017 жылы қайта жөндеу және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген Екібастұз қаласының жолдарын аралап өтті.

Бірінші болып қаралған Целинная көшесі (М.Әуезовкө шесінен Горняков көшесіне дейінгі учаске), ұзындығы 0,625 шақырымды құрайтын сомасы 49,05 млн. теңге- «Гидропром» ЖШС мердігер ұйымы. Жүргізілген жұмыстардың сапасы бойынша кемшіліктер анықталды: кәріз люктері жол төсемінің деңгейінен айтарлықтай жоғары орналасқан және көліктің жүріп-тұруына кедергі жасайды, асфальт жабындысы үгіле бастады, ұсақ тастың шыға бастауы байқалады.

Степная көшесінде ұзындығы 2,538 шақырым жолға сомасы 166,23 млн. теңге тұратын «Тамыр» ЖШС мердігерлік ұйымымен жол мен тротуарлар арасындағы, жолжағасының жер төсемін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілмеген.

Қалған: Жамбыл, Беркімбаев, Петренко, Сәтбаев, Әди-Шәріпов көшелері бойынша қисық жиектастар мен көгалдар, қиыршық тастармен жүктеліп басылған, жол бойында құрылыс қоқыстары қалдырылғандықтан, жол төсемі қалпына келтірілмегендіктен жалпы ескерту жасалды.