Депутаты
Депутаттар қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары бойынша жағдайын зерттеуді жалғастыруда
13-04-2018 08:55
Депутаттар қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары бойынша жағдайын зерттеуді жалғастыруда

Ағамдағы жылдың 12 сәуірінде депутаттық топ облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітованың бастауымен Успен ауданына барып, облыстық құрылымдар басшыларының, аудандық мәслихат депутаттарының, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің, табиғатты қорғау бағытындағы бірқатар мекемелер басшыларының, БАҚ өкілдерінің қатысуымен қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жою мәселесі бойынша кеңесу өткізді.

Кеңесуді аша отырып, Б. Бексейітова «әрбір ауданға «Жол картасын» немесе қоршаған ортаны қорғауға және экология мәселелеріне бағытталған  іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажеттілігін атап өтті. Облыста бізде ҚТҚ-ды қабылдаумен тығыз айналысатын бірқатар кәсіпорындар бар.

Облыс бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Ж.Ғ. Кәрімовтың «Қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілеріне қойылатын негізгі экологиялық талаптар» тақырыбы атты баяндамасы тыңдалды. Ол, табиғатты қорғау прокуратурасының заң бұзушылықтарды жою туралы, экологиялық заңнама мәселелері бойынша ұсынымдарын орындау мақсатында бүкіл облыс бойынша ауылдық округтерді тексеру жүргізіліп жатқанына назар аударды. Көптеген ауылдық округтерге тән бұзушылықтар анықталды. Бұл меншік иелерімен биошіритін қалдықтарды көму көлемін қысқарту арқылы және қоқыс газдарын кәдеге таратуды бақылау жүйесін ендіру жолымен метанның құралуын азайту бойынша шаралар қабылданбау сияқты бұзушылықтар, түрлі қалдықтардың және түрлі қауіп деңгейлерінің  араласуы болады, қалдықтарды қабылдау пункттерінде өлшеуіш аспаптар және т.б. орнатылмаған.

Облыс жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қ. Сатиев Экология жылының іс-шаралар тізіліміне облыстың ауылдық елді мекендерінде ҚТҚ-ды орналастыруға және олардың үйінділеріне қызмет көрсетуге бөлінген жер учаскелерін түгендеу және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін нормативтік құжаттарды рәсімдеу енгізілгенін атап өтті. Успен ауданында қоқыс тастайтын үйінділерде түсетін қалдықтарды есепке алу, сұрыптау және үймелеу жүргізілмейтінін айтты.

Успен ауданы әкімдігінің ҚТҚ-ды жою бойынша жұмысы туралы баяндамасымен Успен ауданы әкімінің м.а. А. Дисюпова сөз сөйледі. Ол, ауданның экологиялық жағдайын жақсарту бойынша жоспарланып жатқан жұмыстар жайлы айтты және аудандық бюджетті нақтылау барысында осы мақсаттарға 10 млн. теңге бөлінетін болады.

Экологиялық мәселелерді егжей-тегжейлі талқылаған соң Б. Бексейітова барлық қатысушыларға «Бәрі өзімізге тәуелді, тек қаржыға ғана тірелмей, өз ісіміздің душары болу қажет. Тұрғындармен жеке кездесулер өткізу керек, ал депутаттық корпус ауданда экологиялық іс-шараларды жүзеге асыру, мысалы, өскелең ұрпақты экологиялық бағытта тәрбиелеу бойынша бірқатар іс-шараларды бақылауға алсын» деп ескертулер айтты.