Депутаты
  • Әбдіғұлов Мұрат Кеңесұлы №28 Станция сайлау округі
  • Бексейітова Бақыт Мақанқызы Камзиновский избирательный округ № 20
  • Нұрлан Қаукенұлы Қасымов Кутузовский избирательный округ № 14
  • Теренченко Илья Сергеевич Зеленстроевский избирательный округ № 21
  • Бугубаев Марат Асхатович Энергетический избирательный округ № 1
  • Стрелковская Марина Владимировна Сатпаевский избирательный округ № 23
  • Данбай Шухрат Әбдірашитұлы Береговой избирательный округ № 18
  • Есенжолов Арман Бекетұлы Алюминстроевский избирательный округ № 22
  • Әбішева Гүлжан Есімбайқызы Западный избирательный округ № 32
  • Оразбаев Сайлау Шаймарданұлы Иртышский избирательный округ № 7
  • Романов Роман Сергеевич Восточный избирательный округ № 19
  • Бойчин Анатолий Васильевич Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы ак. Қ. Сәтбаев көшесі, 49
  • Гайнулин Раис Харисович Гайнулин Раис Харисович 1951 жылы 8 қазанда Новосібір облысы Татарск қаласында туды. 1957 жылы ата-анасымен бірге Екібастұз қаласына көшіп келді. 1959 жылы бірінші сыныпқа барды және 1959 жылы Екібаст...
  • Прокопьев Сергей Леонидович Металлургический избирательный округ № 2
  • Паули Элина Сергеевна Мойылдинский избирательный округ № 17
  • Қапенов Қабылқақ Қабдыл-Мәнапұлы Железнодорожный избирательный округ № 15
  • Касицин Александр Анатольевич Успенский избирательный округ № 26
  • Түсіпбекова Қарлығаш Жеңісқызы Майский избирательный округ № 10
  • Нұрханова Гүлмира Ғабдұлхамитқызы Качирский избирательный округ № 8
  • Оспанова Айман Қайыркенқызы г. Павлодар Заиртышский избирательный округ № 12
  • Поляков Александр Владимирович Щербактинский избирательный округ № 27
  • Мейрамова Айнұр Зайыргелдіқызы Центральный избирательный округ № 29
  • Бақауов Марат Жұмабекұлы Железинский избирательный округ № 6
  • Свамбаев Рысқан Тішпекұлы Энергетический избирательный округ №30
  • Крук Олег Павлович Алматинский избирательный округ № 16
  • Әбішев Қайрат Сансызбайұлы Павлодарский избирательный округ № 11
  • Сыздықов Серім Уахапұлы Усольский избирательный округ № 24
  • Берковский Владимир Александрович Прибрежный избирательный округ № 13
  • Тұрлыбаев Жанат Қажатұлы Лебяжинский избирательный округ № 9
  • Шалабаева Аршагүл Олжаханқызы Сельский избирательный округ № 3
  • Терентьев Александр Алексеевич Актогайский избирательный округ № 4
  • Сартаев Орал Рахмашұлы Баянаульский избирательный округ № 5
Мәслихат хатшысы Шарбақты ауданына сапар шекті
13-04-2018 09:54
Мәслихат хатшысы Шарбақты ауданына сапар шекті

2018 жылдың 12 сәуірінде Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Бақыт Бексейітова  жұмыс сапарымен Шарбақты ауданында болды. Сапар барысында ауданның экологиялық жағдайы, қатты қалдықтарды жою,  2017 жылы жөндеуден өткізілген автожолдардың жағдайының  мәселелері қаралды.

Қонақтарға аудан мәслихатының хатшысы Светлана Шпехт, аудан әкімінің орынбасары Талғат Бегімов, тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Маргарита Темнохуд жолсерік болып, таныстырып отырды.

Облыстық маңыздағы Чернорецк-Ольгино-Успенка-Шарбақты автомобиль жолында екі жылдық қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2017 жылы жолдың 110-119 ш бөлігінде күрделі жөндеу болды.  Мердігер – «ПКФ Гордорстрой» ЖШС-гі. Жолдың 130-137, 144-149 ш  бөлімдерінде орташа жөндеу жүзеге асырылды. Мердігер - «Дорстрой» ЖШС-гі. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын аудан орталығының Амангелді, Әбенов, Чкалов көшелерінде «Шығыс Жолдары» ЖШС-гі орындады. Жұмыстардың сапасын қарап шыққаннан соң, облыстық мәслихат хатшысы тарапынан ескертулер  мен сындар туындаған жоқ.

Мұнан соң Бақыт Бексейітова аудан әкімі Б. Ибраевтың төрағашылығымен өткен жиналысқа қатысты. Оған азаматтардың құқықтары  мен  заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі облыстық  мәслихаттың  тұрақты комиссиясының төрағасы Александр Поляков, облыс табиғатты қорғау прокуроры Даурен Кенбаев, облыс  экология департаментінің басшысы Жомарт Кәрімов, облыс  жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сатиев, аудандық мәслихаттың хатшысы және депутаттары, мемлекеттік мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Бірінші мәселе – қатты қалдықтарды орналастыру объектілеріне қойылатын негізгі экологиялық талаптар. Баяндаушы – Жомарт Кәримов. Екінші мәселе – Шарбақты ауданының қатты қалдықтар полигонының қазіргі жағдайы  бойынша Қадылжан Сатиев мәлімет берді. Үшінші мәселе – қатты қалдықтарды жою бағытында Шарбақты ауданы әкімдігінің атқарған жұмыстары жөнінде Талғат Бегімов ақпарат берді.

Баяндамалардан соң қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерді кең талқылады.

Жиналыс соңында Бақыт Бексейітова 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрмыстық қалдықтарды заң негізінде бөлек жинау қажет екендігін ескертіп өтті. Ол үшін әрбір селолық округ қатты қалдықтарды жою  ету бойынша іс-шаралар жоспарын жасауы қажет. Полигондарда қоршаулап, пресстерді орнату үшін электр желісін өткізу керек. Аудандық мәслихаттың хатшысы, депутаттары жиналыстың күн тәртібіндегі сұрақты ғана емес, ауданның көгалдандыру, автожолдардың сапасы мәселелерін де  бақылауға алғаны жөн, екендігін айтып өтті.

Жиналыс соңында аудан әкімі Б. Ибраев қонақтарға алғысын білдіріп, табыстар мен жеңістер тіледі.