Депутаты
2018 жылдың 1 тоқсанында Павлодар облыстық мәслихатының жұмыс жоспарының орындалуы туралы АҚПАРАТ
13-04-2018 11:56

      Павлодар облыстық мәслихатының қызметі есепті кезеңде Павлодар облыстық мәслихатының Регламенті, жұмыс жоспары, депутаттық корпустың ағымдағы және алдағы жоспарлары негізінде және Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес, облыс әкімінің аппаратымен, облыстық басқармалармен, департаменттермен, қалалық және аудандық әкімдіктермен, мәслихаттармен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен, облыс тұрғындарымен өзара тығыз іс-әрекетте жүзеге асырылды.

       Осы жылы, 25 наурызда мәслихаттар депутаттарын сайлау өтті. Округ бойынша сайлаушылардың жалпы саны 17273 құрды. Екібастұз қаласының № 28 Станция сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты - Әбдіғұлов Мұрат Кеңесұлы сайланды. Ол дауыстардың 54,5 %-на ие болды.

      Облыстық мәслихаттың негізгі жұмыс формасы сессиялық қызмет болып табылады. Сессияларды дайындау және өткізу бойынша ұйымдастырушылық іс-шаралар облыстық мәслихаттың Регламентіне, сессияларды дайындау және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. 2018 жылдың 1 тоқсанында облыстық мәслихаттың 3 сессиясы өткізілді, соның ішінде 2 – кезектен тыс сессия. Сессияларда 41 мәселе қарастырылды. Солардың ішінен ең өзекті әрі маңыздыларының бірі 2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуына, облыстық мәслихаттың хатшысын мерзімінен бұрын босатуға және жаңадан сайлауға, облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізумен, жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына кандидатураны келісуге, облыс әкімдігінің дербес құрамын келісуге байланысты сұрақтар болып табылады.    

       Барлық сессияға шығарылған сұрақтар алдын ала тұрақты комиссиялардың отырыстарында департаменттер және басқармалар басшыларының, профильдік үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен тыңдалған болатын.    

      Облыстық мәслихаттың барлық іс-шаралары ашықтық әрі айқындық негізінде жүргізіледі. Сессиялар жұмысына облыс әкімі, оның орынбасарлары, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үнемі қатысып отырады. Облыстық мәслихаттың хатшысы барлық отырыстарға, облыс әкімімен өткізілетін жедел кеңесулерге қатысады. Депутаттар облыс әкімінің халықпен кездесулеріне міндетті түрде қасысады, олар түрлі Кеңестердің немесе ақпараттық-насихаттау топтардың мүшелері болып табылады.

       Бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалануды бақылау бойынша ауқымды жұмысты 2011 жылдың күз мезгілінде құрылған Тексеру комиссиясы жүргізеді. Олар қаржылық есептіліктің уақытында құрастырылуын, ұйымдармен келісімді міндеттемелерін орындауын бақылайды. Жылдан жылға тексерілетін объектілер және қамтылатын сомалар саны өсуде. Аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша 2017 жылы бюджет және жер заңнамасының, мемлекеттік сатып алулар туралы, мемлекеттік мүлік туралы, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалардың  көптеген бұзушылықтары анықталды.     

       Ағымдағы жылдың 14 ақпанында Павлодар қаласының әкімдігінде облыстық мәслихаттың хатшысы Б.М. Бексейітованың төрағашылығымен  қалалар мен аудандар мәслихаттарының хатшылары үшін семинар-кеңесу өтті. Электрондық құжат айналымын енгізуге, облыс жергілікті полиция қызметінің жұмысына қатысты, мәслихаттардың қызметін ақпараттық сүйемелдеуге байланысты және «Ертіс медиа» ЖШС облыстық бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен жұмыс туралы сұрақтар қарастырылды. Павлодар қалалық мәслихаты депутаттық корпусының депутаттармен жұмысты ұйымдастыру бойынша, атқарушы, құқық қорғау органдарымен және Қоғамдық кеңеспен өзара қарым-қатынас жөнінде жұмыс тәжірибесімен мәслихат хатшысы З. Мұқашева бөлісті.

     2018 жылдың 18 наурызында облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы байқаушыларының Миссиясынан Новосібір қаласына барды, онда Ресей Федерациясының Президентін сайлауда дауыс беру барысын байқауға қатысты. Сайлау күні 18 наурызда қаланың түрлі аудандарындағы байқау жүргізілген 27 сайлау учаскелеріне барып шықты. Соның ішінде үш учаскеде сайлау учаскесін таңертең ашу және кешке сонда дауыс беру қорытындыларын шығару рәсімдеріне қатысты. Ресей Федерациясындағы 2018 жылғы сайлауда заңның және сайлаушылардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берген технологиялық жаңартпалар қолданылған болатын.   

      Облыстық мәслихат Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес облыстың қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Ақпан айында облыс әкімі Б. Бақауов Қоғамдық кеңес алдында 2017 жылғы жұмысы туралы есеп берді.

      Облыстық мәслихат облыстық бағдарламалардың орындалу барысын бақылау мақсатымен депутаттардың жұмыс сапарлармен орындарға жол жүруді де қолданады. Осылайша, депутат А.В. Поляковтың төрағашылығымен облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Павлодар ауданының және Ақсу қаласының ауылдық округтерін аралады. Депутаттардың жұмыс сапарына мәслихаттардың хатшылары, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы және жергілікті полиция қызметінің инспекторлары қатысты. Халық таңдаушыларының мақсаты Павлодар облысында еңбек қатынастарын заңдастыру, шарттар жасау және салық төлеумен байланысты жағдайды зерттеп, талдау болды. Павлодар ауданының Новочерноярка селосындағы «Артамонов» және «Агросоюз» кәсіпорындарына барып шықты. Ақсу қаласында салынып жатқан Балалар экологиялық орталығы объектісіне барды, с мастерами и рабочими «Данекер» ЖШС мердігер ұйымының жұмысшыларымен және шеберлерімен еңбек қатынастарын заңдастыру, шарттар жасау және салық төлеу бойынша әңгімелесті. Айдың соңына дейін тұрақты комиссияның мүшелері қалған аудандарды аралап, осы мәселені азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның қарауына талқылау үшін шығарады.

     Облыстық мәслихаттың депутаттары облыстың үш қалаларында «Қауіпсіз терезе» акциясын ұйымдастыру бастамашылығымен сөз сөйледі.  Бұл үшін балалардың көп пәтерлі үйлердің терезелерінен құлап түсу статистикасы себеп болды. Тек 2016 жылы 20 оқиға болды, солардың ішінен біреуі баланың қаза болуымен аяқталды, 2017 жылы - 22 факті тіркелді,солардың ішінен 7-і сәбилердің қаза болуымен аяқталды. Барлық жағдайларда кәмелетке толмағандар мен жас балалар ата-аналарының және ересек тұлғалардың қарауынсыз қалған болатын.

    Павлодар қаласында «Қауіпсіз терезе» акциясын іске қосу облыстық мәслихаттың хатшысы Б.М. Бексейітованың төрағашылығымен, депутаттардың, мүдделі ұйымдардың, пластикалық терезе өндірумен және орнатумен айналысатын кәсіпкерлердің қатысуымен өткен кездесудегі талқылау тақырыбына айналды. Б.М. Бексейітова «облыстық мәслихаттың депутаттары осы өзекті мәселеге және оның салдарына немқұрайлы болып қала алмайтынын» атап өтті. «Барлығымызға балалар арасында айырылуға жол бермеу бойынша кідіртпей шаралар қабылдау қажет» - деді ол. Депутаттық корпустан бұл акцияны Оспанова Айман – облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері басқарады.

      Қалалар әкімдерімен, білім беру бөлімдерімен және пластикалық терезелермен айналысатын кәсіпкерлермен мұндай кездесулер Екібастұз және Ақсу қалаларында да өтті.

     «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Жетістікке жету жолында» жобасы, кәсіби бағдарлау және жастарды одан әрі жұмысқа орналастыру шеңберінде студенттердің облыстық мәслихат депутаттары А.Б. Есенжоловпен, С.Л. Прокопьевпен және А.Қ. Оспановамен кездесуі өтті.

       Іс-шаралар диалогтік алаң түрінде өтті, онда депутаттар өздерінің оқуы жайлы, өмірлік жолы туралы айтты. Әрбір студент қызықтыратын сұрағын қоя алды. Ұйымдастырушылар болып Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және «Рухани жаңғыру» өңірлік кеңсесі бой көтерді.

     Ағымдағы жылдың ақпан айында облыстық мәслихаттың депутаттары, Павлодар облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандарымен бірлесіп Павлодар қаласындағы «Детский мир-Антошка» дүкенінде өнімнің қауіпсіздігі мониторингін жүргізді.

         Балалар ойыншықтарының 11 сынамаларына іріктеу жүргізілді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша екі сынамада Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына ойыншық-автоматтың таңбалау бөлігінде сәйкес келмеуі белгіленді және «Beaty Fashion» қуыршағының құрамында формальдегид пен диоктилфталаттың асып түсуі табылды. Осы тауарлар  сатылымнан шығарылды. Дүкен дирекциясына санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.

       Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы депутат Н.Қ. Қасымовтың төрағашылығымен Былқылдақ көліне қоршаған ортаның сынаппен ластану ықтималдығын бағалау үшін барып шықты. Олармен бірге табиғатты қорғау прокуроры, экология, қоғамдық денсаулықты қорғау департаменттерінің басшылары, облыс жер қатынастары және индустриялық-инновациялық даму басқармалары бөлімдерінің мамандары еріп барды. «Каустик» АҚ басқармасы төрағасының өндірістік мәселелері жөніндегі кеңесшісі А. Ахметов депутаттарға және шақырылғандарға көлдің халық үшін көптен бері қауіп төндірмейтіні жайлы айтып берді.

      Жасалған талдауларға сәйкес барлық бақыланатын нүктелерде атмосфералық ауаның сынап буымен ластануы байқалмайды.

     Екі рет облыстық мәслихаттың депутаттары қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуды зерттеу мәселесі бойынша Екібастұз және Ақсу қалаларына сапар шекті. Полигондарға бару нәтижелері бойынша облыстық мәслихаттың хатшысы Б.М. Бексейітованың төрағашылығымен кеңесу өткізілді, оған әкімдер, депутаттар, прокуратура органдарының өкілдері, табиғатты қорғау мемлекеттік мекемелерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

        Ағымдағы жылдың 21 ақпанында журналистер үшін брифинг өткізілді, брифинг барысында «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Р.Т. Свамбаев журналистер алдында қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы есеп берді.  

    Р.Т. Свамбаев күлді қайта өңдеуге, қоршаған ортаға шығындыларға, күл үйіндісінің өңделген бөлігін қалпына келтіруге және т.б. қатысты сұрақтарға жауап берді.  

      Облыстық мәслихат депутаттарының көмегімен, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Н.Қ. Қасымовтың басшылығымен Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының мектептерінде экологиялық марафон басталды. «Мектеп қоқысты бөлек жинау үшін» эко-посты 2018 жылдың 19 ақпанында Павлодар қаласының № 36 мектебінде басталды. Экологиялық эстафетаны облыстың оқу орындарының барлық ұжымдары  жалғастырады.

      Облыстық мәслихаттың депутаты, экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы А.В. Бойчин ағымдағы жылдың 12 ақпанында 17-ші мектептің негізінде  «Қаржылық сауаттылық» жобасын іске қосып,мамандандырылған кабинет ашты. Ұлттық банк жобасының шеңберінде қаржылық сауаттылықты пилоттық енгізу жаңа курсты енгізуге дайындық болып табылады. 

     Банктік саланың тәжірибелі мамандары таңдауы бойынша пән ретінде қаржылық сауаттылық арнайы курсын таңдаған оқушылармен тәжірибелік курстар жүргізеді. Жоба қаланың 34 мектептерінде, 10 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінде жүзеге асырылуға есептелген,  онымен 1050-ден астам 8-11 сынып оқушылары қамтылатын болады. 

       Облыстық мәслихаттың депутаты, әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қ.Қ. Қапеновтың бастамашылығымен депутат М.В. Стрелковская және А.Қ. Оспанованың құрамындағы депутаттық жұмыс тобы Павлодар қаласының үш емханаларына барып шықты.

      Халық өкілдерімен бірге Фармация комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілі М. Жақашева болды, ол бүгінгі күнге қалалық емханалар дәріханаларында дәрілік препараттарды жеткізу бойынша проблемалар бар екенін айтты.

  - Көбінесе бәрі логистикаға тәуелді, ауа-райы жағдайларына және көлік құралдарының кідірісіне байланыстыпрепараттарды жеткізу іркілістері орын алды. Жағдайды оңалту үшін бірен уақыт қажет, -деді ол.

      Облыстық мәслихатта, өз қызметін сессияды бекітілген жылдық жұмыс жоспары негізінде жүзеге асыратын бес тұрақты комиссиялар жұмыс істейді. Комиссиялармен бірінші тоқсанда 7 отырыстар өткізілді, онда Ішкі істер органдары жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына кандидатураны келісу туралы, Павлодар, Екібастұз қалаларының кейбір көшелерін қайта атау туралы, орта кәсіби-техникалық білім беру жағдайы мен оны одан әрі дамыту бойынша шаралар туралы, облыс мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмысы туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және т.б. сияқты 14 сұрақ қарастырылған.

     Облыстық мәслихаттың депутаттарымен тоқсан ішінде атқару органдарына аулаларды абаттандыру мен асфальттауға, ауылдық елді мекендерді ауыз суымен жабдықтауға, әлеуметтік объектілер құрылысына,   атмосфералық ауаның ластануына, облыстың елді мекендерінде су деңгейінің көтерілуіне және т.б. қатысты 70 депутаттық сауалдар жіберілген болатын.     

    І тоқсан ішінде облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында облыстық мәслихаттың жұмысына қатысты 30-дан астам материалдар жарияланды. Облыстық мәслихат сессияларының және тұрақты комиссиялары отырыстарының жұмысын өткен кезеңде облыстың барлық жетекші бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған.

     Бұл:«Қазақстан - Павлодар» ОТРА, «Ирбис»ТРА, областық радио, «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа самалы», «Новое время», «Новая газета», «Наша жизнь»газеттері. Облыстық мәслихаттың өткізілген сессиялары мен тұрақты комиссиялары және т.б. туралы барлық жаңалықтарды облыстық мәслихаттың ресми сайтынан табуға болады.