Депутаты
Қоқысты бөлек жинау бойынша кеңесу
13-04-2018 18:50
Қоқысты бөлек жинау бойынша кеңесу

Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Н.Қ. Қасымов облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен медициналық ұйымдарда қоқысты бөлек жинауды енгізу мәселелері жөнінде кеңесу өткізді.

Кеңесу жұмысына облыс жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының өкілдері, Павлодар қаласы медициналық мекемелерінің бірінші басшылары, ҚТҚ жинау және кәдеге жарату бойынша кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Талқылау барысында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап экологиялық заңнамаға пластмасса, картон және қағаз сияқты қалдықтарды полигонға қабылдауға тыйым салу бөлігінде өзгерістердің енгізілуіне екпін жасалды.

«Қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу жүйесін енгізу, сондай-ақ оларды қайталама шикізат ретінде пайдалану бізге табиғат ресурстарын сақтауға және экологияны жақсарту үшін үлес қосуға көмектеседі» - деп атап айтты облыс жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары А.Ж. Қабылтаева.

Медициналық мекемелер басшылары мәселенің маңыздылығына түсінушілік танытты. Олар қоқыс жинаумен айналысатын, атап айтқанда,көше контейнерлерімен қамтамасыз ететін,құрамында сынап бар қызуөлшегіштерді кәдеге жаратумен, қоқысты шығаруды ұйымдастырумен және т.б. айналысатын кәсіпорындардың өкілдеріне сұрақтар қойды.

Облыста Экология жылын өткізу бойынша басты іс-шаралар тізімі бекітілді, онда негізгі іс-шаралардың бірімен мемлекеттік мекемелерде, білім беру, сондай-ақ медициналық ұйымдарында қоқысты бөлек жинауды енгізу көзделеді.