Депутаты
  • Әбдіғұлов Мұрат Кеңесұлы №28 Станция сайлау округі
  • Бексейітова Бақыт Мақанқызы Камзиновский избирательный округ № 20
  • Нұрлан Қаукенұлы Қасымов Кутузовский избирательный округ № 14
  • Теренченко Илья Сергеевич Зеленстроевский избирательный округ № 21
  • Бугубаев Марат Асхатович Энергетический избирательный округ № 1
  • Стрелковская Марина Владимировна Сатпаевский избирательный округ № 23
  • Данбай Шухрат Әбдірашитұлы Береговой избирательный округ № 18
  • Есенжолов Арман Бекетұлы Алюминстроевский избирательный округ № 22
  • Әбішева Гүлжан Есімбайқызы Западный избирательный округ № 32
  • Оразбаев Сайлау Шаймарданұлы Иртышский избирательный округ № 7
  • Романов Роман Сергеевич Восточный избирательный округ № 19
  • Бойчин Анатолий Васильевич Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы ак. Қ. Сәтбаев көшесі, 49
  • Гайнулин Раис Харисович Гайнулин Раис Харисович 1951 жылы 8 қазанда Новосібір облысы Татарск қаласында туды. 1957 жылы ата-анасымен бірге Екібастұз қаласына көшіп келді. 1959 жылы бірінші сыныпқа барды және 1959 жылы Екібаст...
  • Прокопьев Сергей Леонидович Металлургический избирательный округ № 2
  • Паули Элина Сергеевна Мойылдинский избирательный округ № 17
  • Қапенов Қабылқақ Қабдыл-Мәнапұлы Железнодорожный избирательный округ № 15
  • Касицин Александр Анатольевич Успенский избирательный округ № 26
  • Түсіпбекова Қарлығаш Жеңісқызы Майский избирательный округ № 10
  • Нұрханова Гүлмира Ғабдұлхамитқызы Качирский избирательный округ № 8
  • Оспанова Айман Қайыркенқызы г. Павлодар Заиртышский избирательный округ № 12
  • Поляков Александр Владимирович Щербактинский избирательный округ № 27
  • Мейрамова Айнұр Зайыргелдіқызы Центральный избирательный округ № 29
  • Бақауов Марат Жұмабекұлы Железинский избирательный округ № 6
  • Свамбаев Рысқан Тішпекұлы Энергетический избирательный округ №30
  • Крук Олег Павлович Алматинский избирательный округ № 16
  • Әбішев Қайрат Сансызбайұлы Павлодарский избирательный округ № 11
  • Сыздықов Серім Уахапұлы Усольский избирательный округ № 24
  • Берковский Владимир Александрович Прибрежный избирательный округ № 13
  • Тұрлыбаев Жанат Қажатұлы Лебяжинский избирательный округ № 9
  • Шалабаева Аршагүл Олжаханқызы Сельский избирательный округ № 3
  • Терентьев Александр Алексеевич Актогайский избирательный округ № 4
  • Сартаев Орал Рахмашұлы Баянаульский избирательный округ № 5
Ақсуда «Нұр Отан» партиясының «Фракциясы күні» өтті
25-04-2018 18:13
Ақсуда «Нұр Отан» партиясының «Фракциясы күні» өтті

«Нұр Отан» партиясы Ақсу қалалық филиалында партияның Павлодар облыстық мәслихатындағы «Фракциясы күні» өткізілді. Кең ауқымды іс-шара аясында Ақсу қаласы мен ауылдық жерде «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары бойынша жүзеге асырылып жатқан нысандардың партиялық мониторинг пен бақылау, аймақтық партиялық кураторлар өткізген тақырыптық жеке қабылдау мен облмәслихаттағы партия депутаттық фракциясы жиналысының отырысы өткен еді.

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдаған кезде депутаттарға қарапайым ақсулықтардан түрлі өтініштер келіп түсті. Қалалықтар белсенділік танытып, іс-шараға 27 адам келді. Партия фракциясының мүшелері әрбір мәселені мұқият тыңдап, олардың шешімін табуға тырысты. Мысалы, қала тұрғыны Айсәуле Жақсылық Ақсудағы педиатрлардың тапшылығы туралы мәселені көтерді. Оның сөзіне қарағанда, адамдар педиатрдың қабылдауына кіру үшін кейде 2-3 сағат кезек күтуге мәжбүр.

Анық болғандай, бұл мәселе Қазақстанның барлық аймақтарына тән. Облыстық мәслихаттың депутаты Серім Сыздықовтың айтуынша, аталмыш жағдай Қазақстан медициналық оқу орындарында педиатр даярлайтын факультеттердің жабылуынан кейін туған. Бірақ бұл мамандық бойынша оқыту қайта жандандырылғаннан соң бұл мәселе таяуда шешілмек.

Азаматтарды қабылдап болған соң халық қалаулылары партия Ақсу қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Николай Дычконың қатысуымен фракция жиналысына жайғасты. Депутаттар қарапайым ақсулықтар өтініштерінің шешу жолдарын талқылады. Қала басшылығы бұл мәселелердің барлығы мүмкін болғанша оң шешімін табатынына сендірді. Сонымен қатар, қатысушылар баяндамалары тыңдалды. Мәселен, облмәслихат депутаты – фракция мүшесі Илья Теренченко партиялық жұмыстағы тың жаңалықтар туралы баяндап берді. «Қазіргі кезде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мен цифрландыруға бағытталған жаңа 22 партиялық жоба әзірленуде. Жаңа жобалардың тұсаукесері Павлодар облысынан басталғанын білесіздер. Осы бастамалардың барлығы партияның Мемлекет басшысының Қазақстанды цифрландыру бойынша ауқымды бастамасын жүзеге асыруға әзірлігін көрсетеді», - деді ол.

Сонымен бірге, депутаттар мемлекеттік органдар қызметі мен ҚР заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар айтты. Осылайша, фракция мүшесі Элина Паули заңға  Қарулы күштерге шақыру алған жаңа туған баласы бар азаматтарға әскери қызмет мерзімін кейінге шегеруге мүмкіндік беретін өзгертулер енгізу қажет деген ұсыныс білдірді.