Депутаты
Болашаққа көзқарас
02-05-2018 11:42
Болашаққа көзқарас

Облыстық мәслихаттың депутаты Александр Поляков «Болашақ жолында: Шарбақты ауданын дамытудағы жаңа стратегиялар, жаңа мүмкіндіктер» ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. «Туған жер» бағдарламасының шеңберінде аудан ішінде ауылдарды жасылдандыру, компьютерлендіруге жәрдемдесу және т.б. бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда ауданда жақсы әлеуметтік инфрақұрылым, білім беру, жұмыспен қамту және ауыл шаруашылық салаларында да жақсы көрсеткіштер.

Аудандағы мықты шаруа қожалықтарының бірі «Победа» ЖШС болып саналады, оның директоры облыстық мәслихаттың депутаты Александр Поляков.

Александр Владимирович өз сөз сөйлеуінде ауданда ауыл шаруашылық дамуының басымдықтарын нақты белгілеу кезі келгенін атап өтті және ауданның солтүстік бөлігінде, жердің біршама құнарлы жағында етті және сүт бағытындағы малдарды дамытуға айтарлықтай тірек жасау қажеттілігін ұсынды. Ал ауданның құмды топырағы бысым - оңтүстік бөлігінде мал шаруашылығы және жемшөп өсірумен мамандандырылу қажет. Бүгінгі күні бізге егін өнімдерінің рекордтық санына жетуден тұрақты егін өнімдеріне қол жеткізу маңыздырақ, деп атап өтті Александр Владимирович.

Конференцияда ауданның келешектегі дамуын көрсететін қарар жазылды.