Депутаты
Жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы және туберкулез мәселелері қаралды
14-05-2018 18:39
Жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы және туберкулез мәселелері қаралды

    Ағымдағы жылдың 14 мамырында облыс әкімдігінің кіші залында (бейнеконференц байланысы режимінде) облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, отырыс барысында: «Адамның иммун тапшылығы вирусымен (бұдан әрі - АИТВ), жұқтырылған иммун тапшылығының синдромымен (бұдан әрі - ЖИТС) және туберкулезбен сырқаттанудың өсуіне байланысты жағдай туралы» мәселесі қаралды. Комиссияға мемлекеттік органдардың басшылары, әкімдердің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлері, облыс қалалары мен аудандары жұмыспен қамту бөлімдерінің басшылары шақырылды.

    Ақпаратпен облыс денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары С. Төлегенова, облыс қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы И. Сорокина және «Салауатты өмір салтын қолдау орталығы» ЖШС бас директоры Т. Баймаханов сөз сөйледі.

    «1996 жылдан бастап Павлодар облысында АИТВ-инфекциясын жұқтырудың 2573 жағдайы тіркелген болатын. Біздің облысымыз республикада жалпы халық арасында, сондай-ақ 15-49 жастық топ арасында да АИТВ-инфекциясының таралу деңгейі бойынша алдыңғы қатарда. Соңғы уақытта АИТВ-мен өмір сүретін жасы неғұрлым жоғары топтардың, презерватив пайдалануды жағымсыз көретін 40-69 жастағы адамдарды, қажетсіз жүктіліктен сақтандырылғысы келмейтін 40 жастан асқан әйелдерді анықтау жағына ығысу байқалатынын атап өтті С. Төлегенова». 2018 жылдың 30 сәуіріне облыстық ЖИТС орталығындағы диспансерлік есепте АИТВ-мен өмір сүретін 1555 адам, соның ішінде 12 балалар тіркелген. Есепте тұрғандардың санынан 752 адам – нашақорлар (есірткі пайдаланушылар). 2018 жылдан бастап ЖИТС орталығын қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылуда және кейбір бағдарламалар бойынша толық қаржыландырмау пайда болып, алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыру қиындай түсті.

   Облыстық мәслихаттың депутаттары облыста ЖИТС бойынша қалыптасқан жағдай туралы және қаржылық проблемаларды шешу мәселесімен ҚР Парламентінің депутаттарына жүгінуге ниеттенеді.

    Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай ЖИТС-нан түбегейлі ерекше, - деп атап өтті депутаттар. Соңғы 5 жыл ішінде туберкулезбен ауыру көрсеткіші 35,5%-ға,ал ағымдағы жылдың 4 айы ішінде 4,4%-ға төмендеді. «Қалалар мен аудандар тілігінде ағымдағы жылы ауру-сырқаулықтың өсуі тек Качир, Лебяжі аудандарында және Ақсу қаласында байқалады, деп атап өтті С.Төлегенова». Комиссияда, БКБ режимінде, ауру-сырқаттың өсуі пайда болған жерлердегі әкімдердің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарларының ақпараттары тыңдалды. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелері медициналық мекемелер басшыларына ЖИТС және туберкулезге қатысты 20-дан астам сұрақтар қойып, толық жауап алды.

     Отырыс нәтижелері бойынша тұрақты комиссия қаулы қабылдады.