Депутаты
Депутаттық бақылау
14-05-2018 18:45
Депутаттық бақылау

  Аудандық мәслихаттың депутаттары және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен бірлесіп Ертіс ауылы Астана көшесінің жолын жөндеу жұмыстарымен  танысты.

  Жұмыс барысы туралы мердігерлік ұйымның  басшысы С.Т. Жансұлтанов  хабарлады. 

  Луговой көшесінен бастап Кутурга көшесіне  дейін өңделген сіңірмелеу әдісімен ұсақталған қиыршық  тасты төсем салынды.

  Осы учаскеде Кутурга көшесінен бастап Бурягин көшесіне дейін  асфальт  салынуы жоспарланған.

  Жол жөндеу учаскелері  С.Т. Жансұлтановтың жеке бақылауында.         

 Сонымен қатар, халық қалаулылары Ертіс Оқушылар үйінің ғимаратындағы жоспарланған жөндеу жұмыстарымен танысты. Жабдықтау материалдары  мен жоспарланған  жұмыс түрлері бойынша мердігермен әңгіме құрды.