Депутаты
Качир ауданындағы ТБО мәселелері
15-05-2018 18:58
Качир ауданындағы ТБО мәселелері

Облыс әкімімен жарияланған Экология жылы іс-шаралары шеңберінде Качир ауданында областық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітованың, облыстық мәслихаттың депутаты Г. Нұрханованың, аудан прокурорының, аудандық мәслихат депутаттарының, экология, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары департаменттері басшыларының, аудан әкімі орынбасарларының және кәсіпорындар басшыларының қатысуымен ҚТҚ-ды кәдеге жарату мәселесі бойынша жиналыс өтті. Жиналысты аудан әкімі Ж. Шұғаев ашып, өткізді.

 Қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілеріне деген негізгі экологиялық талаптар жайлы және аудандағы ҚТҚ полигонының ағымдағы жағдайы туралы облыс бойынша экология департаментінің басшысы Д.Б. Әлиев, облыс жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары А.Ж. Қабылтаева және аудан әкімінің орынбасары А.А. Балғабаев хабарлады.

 Качир ауданындағы 12 ауылдық округтерде барлығы 31 полигон бар. Барлық полигондар ауылдық округтер әкімдіктерінің балансында тұр. Ауданның бүкіл аумағында ҚТҚ-ды кәдеге жарату, өңдеу және көму бойынша жұмыстар жүргізілген емес. Барлығы аудан орталығында 37 контейнерлік алаңдары, қоқыс жинауға арналған 157 контейнерлер, олар кәсіпорындар аумағында, тұрғын үйлердің жанында және жеке меншік секторларда орнатылған. Қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша халықтың қамтылуы 80%-дан астамын құрайды.

 Жиналыс қорытындылары бойынша департаменттер басшыларымен аудан аумағындағы ҚТҚ-ды кәдеге жарату бойынша жұмысты ұйымдастыруды жақсарту жөнінде, жобалық-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеу және қалдықтарын кәдеге жарату бойынша кешендердің саны мен орналасқан жерін анықтау жөнінде бірқатар ұсыныстар берілді. Алда, тамақ және құрылыс қалдықтарын, сондай-ақ пластик, қағаз, шыны және т. б. қайта өңдеу бойынша инфрақұрылымды құру үшін жеке бизнесті тарта отырып,   ҚТҚ-ды қайта өңдеуді және бөлек жинауды (сұрыптауды) ұйымдастыру бойынша мәселесін пысықтау күтілуде.  

Осы жұмыстарды 2019 жылға дейін жүргізу қажет, өйткені қалдықтардың жекелеген түрлерін көмуге тыйым салынатын болады.

Бұл, облыстық мәслихаттың депутаттары, уәкілетті органдармен бірлесіп және прокуратураның қатысуымен осы бағытта мониторинг жұмысын жүргізіп жатқан, және, әрине, түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз еткен тоғызыншы аймақ болатынын атап өту қажет.