Депутаты
Депутаттардың бақылауында
11-06-2018 12:47
Депутаттардың бақылауында

     «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясына енгізілген  Ертіс аудандық мәслихатының депутаттары  Северный, Базақов, Луговой, Қызылжар, Қарақұдық  ауыл мен ауылдық округтердің елді мекендерін аралады.

      Мақсат: биылғы жылғы жоспардағы бес елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етудегі атқарылып жатқан жұмыстарын бақылау.

        Партиялық бақылаумен Северный Мәдениет үйінің объектісі   (ғимаратты күрделі жөндеу үшін  41 233,0 мың тнг  бөлінді. Мердігер -  «Строй-тех» ЖШС)  және Луговой  ауылдық  клубы (ғимаратты күрделі жөндеу үшін 20 599, 0 мың тнг бөлінді. Мердігер -  «Строитель» ЖШС).

        Северный Мәдениет үйі бойынша ескі электркабельді жаңарту,  қабырғаларды сылау және т.б. Атқарылған жұмыс  көлемі  60 пайыз  құрайды.  Келісім-шарт бойынша жұмыстарды  аяқтау мерзімі – ағымдағы жылдың 31  тамыз.

         Луговой  ауылдық  клубы бойынша төбесі  ауыстырылды. Атқарылған жұмыс көлемі – 30  пайыз құрайды.

        2018 ж. мамыр айында  Ертіс ауылында  шақыру пункт құрылысы басталды. Жобаның сомасы - 76,3 млн.тнг. Мердігер - «ПавлодарПромСтрой» ЖШС.  Жұмыстарды  аяқтау  мерзімі – 2018 ж. 31 тамыз. Іргетас  салынып, қабырғалар бой көтеруде.