Депутаты
Депутаттардың «Inter Rubber Recycling» ЖШС-не сапары Пайдаланылған шиналарды кәдеге жарату туралы
21-06-2018 16:48
Депутаттардың «Inter Rubber Recycling» ЖШС-не сапары Пайдаланылған шиналарды кәдеге жарату туралы

Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және оларды қайталама шикізат ретінде пайдалану бүгінгі күні өзекті мәселе болып табылады әрі жүйелі көзқарасты талап етеді. Кіші және орта бизнесті тартумен ресурстық әлеуеттің одан әрі дамуы мен ҚТҚ заманауи кәдеге жарату және өңдеу бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі жайлы Елбасы өзінің осы жылғы Жолдауында айтты. Облыстық мәслихат осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмысқа қосылды. Облыстық мәслихаттың депутаттары Бексейітова Бақыт, Бақауов Марат, Қасымов Нұрлан Павлодар қаласында пайдаланылған шиналардың барлық түрлерін жинаумен және кәдеге жаратумен айналысатын «Inter Rubber Recycling» ЖШС-нің қызметімен танысты. Ұйым «KazWaste» қалдықтарды басқару бойынша Қазақстандық Ассоциациясының мүшесі болып табылады. «Оператор РОП» ЖШС-мен тығыз қарым-қатынаста қызмет жасайды. Кәсіпорынды Григарюк Сергей Михайлович басқарады. Қазіргі уақытта өңделген резеңкеден түрлі сұрыпты үгінділер мен жаяужол тақтасын шығару жөнге салынды.  Жақында ғана кәсіпорын шикізаттың жоқтығынан мәжбүрлі қаңтарылуда болды. Қазір өндіріс жаңарды. Ұжым қайталама ресурстарды жинау, өңдеу және пайдалану үшін материалдық-техникалық базаны жетілдіруді жоспарлауда. Әрине, мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін облыстың барлық елді мекендерінде халықтың ҚТҚ-рды бөлек жинауды кең қамтуы үлкен жәрдем бола алады. Облыста осы бағыттағы жұмыс жергілікті атқару органдарымен жүргізіліп жатыр.

Жалпы, депутаттар мұндай кәсіпорындар облыстағы қоршаған ортаны қорғау үшін тиімді экологиялық негізді құруға үлгі бола алатынын атап өтті және заң шегінде өндірілетін өнімді іске асыруда барынша жәрдем көрсетуге дайындықтарын білдірді.