Депутаты
Қазақстанның мемлекеттік қызметі 20-жылдық мерейтойын атап өтуде
22-06-2018 18:52
Қазақстанның мемлекеттік қызметі 20-жылдық мерейтойын атап өтуде

    Ағымдағы жылдың 22 маусымында мемлекеттік қызмет органдарының 20-жылдығымен құттықтау рәсімі шеңберінде ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен Мемлекеттік қызметшілер күнін тойлау қарсаңында Естай атындағы қалалық Мәдениет Сарайында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Марапатталғандардың арасында облыстық мәслихат аппаратының құжаттама бөлімінің басшысы Рафик Сраилов, мемлекеттік қызмет өтілі 20 жылдан астам.

      Мереке қарсаңында облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітова құжаттама бөлімінің бас маманы Майгүл Сүлейменоваға облыстық мәслихаттың алғыс хатын, ұйымдастыру және құжаттама бөлімдерінің басшылары Николай Чудовский мен Рафик Сраиловқа «Нұр Отан» партиясының ОФ-нан алғыс хатын тапсырды, сондай-ақ, ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Ирина Ишимцеваға облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан алғыс хат берілді.

     Депутаттық корпустың және облыстық мәслихат аппаратының атынан облыстың барлық мемлекеттік қызметшілерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

     Шын жүректен Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат  пен отбасылық амандық тілейміз.