Депутаты
Депутаттар мен эколог мамандардың ауаны өлшеу бойынша рейді
24-06-2018 11:58
Депутаттар мен эколог мамандардың ауаны өлшеу бойынша рейді

Атмосфералық ауа қоршаған табиғи ортаның өмірлік маңызы бар құрамдас бөлігі болып табылады. Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы атмосфералық ауаның сапасын қалыптастыруға түрлі факторлар әсер етеді, соның ішінде индустрияландыру дәрежесі, қарқынды көлік қозғалысымен магистраль желілерінің болуы, сондай-ақ  географиялық орналасқан жері мен климаттық ерекшеліктері.

Атмосфералық ауа сапасының ерекшелігі ластаушы заттардың халық денсаулығына әсерімен анықталады, ол ластағыштар концентрациясының мәніне ғана емес, сонымен қатар адамның осы ауамен тыныс алу уақыт аралығының ұзақтығына да тәуелді.

Облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Н. Қасымовтың ықыласы бойынша Ақсу және Павлодардың санитариялық-қорғау аймағы шекарасында ауаны өлшеу бойынша рейд өткізілді, оған жер қойнауын пайдалану басқармасының қызметкерлері және жұртшылық қатысты.

Алматының мердігер ұйымы Ақсудың санитариялық-қорғау аймағын атмосфера құрамында көміртек оксид, күкірт диоксид және оксид хромның  жол берілетін шекті нормаларынан асуына қатысты тексерді. Мамандар сол сәтте шекті рұқсат етілетін нормасынан аспайтын көміртек оксидке жедел талдау алды.

«Каустик»АҚ жанындағы зертхананың қызметкерлерімен Былқылдақ көлінің су құрамындағы сынап мөлшері белгіленген мөлшерденартуын байқау үшін ауаны, топырақты және суды өлшеу жасалды. Жедел талдау нәтижесінде ауадағы зиянды заттар құрамының шекті рұқсат етілген концентрациядан аспайтыны анықталды.

Жер қойнауын пайдалану басқармасымен 89 млн. теңгеге жылжымалы зертхана сатып алынды, онда бұдан бұрын мүмкін болмаған, өмір сүру үшін қауіпті заттарды анықтауға болады.