Депутаты
Екібастұз қаласында семинар-кеңес өтті
25-06-2018 16:41
Екібастұз қаласында семинар-кеңес өтті

2018 жылдың 25 маусымында облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Мақанқызы Бексейітованың төрағашылығымен, Екібастұз қалалық мәслихатының негізінде қалалық және аудандық мәслихаттар хатшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.  

Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.М. Бексейітова облыстық мәслихаттың депутаттарымен жүргізілген 2017 жылдың қысқы кезеңінде жөндеуден өткен аудандық, қалалық, облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жағдайының мониторингі туралы хабарлады және әріптестеріне анықталған жағымсыз фактілерді депутаттық бақылауға алуды, сондай-ақ 2018 жылғы салынып жатқан объектілер мен күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын, келісім-шарт бойынша бекітілген кестеге сәйкестігін тексеру мақсатында үнемі мониторинг ұйымдастыруды ұсынды.  

Облыстағы діни жағдай, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы мәселесі жөнінде, облыста діни бірлестіктердің жұмысы үшін қолайлы жағдайлар құру, діни кадрларды, имамдарды, теолог мамандарды даярлау, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы мен оған енгізуге жоспарланатын түзетулер бойынша түсіндіру мәселесі жөнінде облыс дін істері басқармасының басшысы Зәкәриянов Дәулет Қоқанұлы мәлімдеді.

Жағдайдың өзектілігі мен жауапкершілігін ескере отырып, «ҰАТ» (Ұлттық ақпараттық технологиялар) АҚ облыстық ақпараттық технологиялар орталығы ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу (АЖС) бөлімінің өкілі Канкишева Арман Серікқызы аймағымыздың барлық мәслихаттар жұмысының мемлекеттік органдарда қағазсыз іс қағаздарын жүргізуді енгізу және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу бойынша сынамалы жобадағы бірінші нәтижелері туралы хабарлады.    

Өзекті мәселелерді қарастырудан басқа, Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы Болат Қайыржанұлы Құспековтың жұмыс тәжірибесімен алмасу өтті. Екібастұз қалалық мәслихатының депутаттық корпусы атқару, құқық қорғау органдарымен, қаланың Қоғамдық кеңесімен  өзара іс-қимыл жасауда жақсы оң жұмыс тәжірибесіне ие.  

Бақыт Мақанқызы соңында семинар-кеңесті қорытындылады: «Тәжірибе алмасу, біздің сайлаушыларды мазалайтын маңызды өзекті мәселелерді талқылау, оларды шешуде жалпы көзқарастарды пысықтау, жұмыс барысында жай ғана жәрдем көрсетіп, қолдау  қажеттілігі бар».

Семинар-кеңес аяқталғаннан соң «Богатырь Комир» ЖШС-нің сынақ алаңына және «Проммашкомплект» ЖШС-не жол тартты, онда депутаттар темір жол жабдықтарын шығару бойынша инновациялық кәсіпорынмен танысты.