Депутаты
Аграрий депутаттары Лебяжі ауданына барып қайтты
22-06-2018 18:20
Аграрий депутаттары Лебяжі ауданына барып қайтты

2018 жылдың 22 маусымында Лебяжі ауданының Аққу ауылында Ж. Тұрлыбаевтың төрағашылығымен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының және Павлодар облыстық мәслихатының «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясы жанындағы «Аграрлық сектор» бағыты бойынша комиссиясының бірлескен отырысы өтті.

Отырысқа дейін қатысушылар «ДәнекерШҚ» ЖШС-не барып шықты, онда шаруа қожалығының жерлерін суландыру үшін су жеткізу мәселесі бойынша жұмыспен танысты.

Отырыс барысында ауданның ауыл шаруашылығы қызметі өндірісінің негізгі бағыттары туралы аудан әкімі  Әйткенов Ернұр Нұрмұханұлы баяндады.

Павлодар облысының аграрлық секторындағы кооперативтік кәсіпкерліктің жағдайы және  ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру  үшін оны дамыту бойынша іс-шаралар туралы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Б.Көшербаев есеп берді.

Отырыс қорытындылары бойынша ұсыныстар берілді.