Депутаты
Сенатор Н. Нұрсипатовтың Павлодар облысына жұмыс сапары
04-07-2018 17:36
Сенатор Н. Нұрсипатовтың Павлодар облысына жұмыс сапары

Павлодар облысына жұмыс сапары барысында 2018 жылдың 3-4шілде күндері ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н. Нұрсипатов жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады. Сенатормен бірге қабылдауға облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалын төрағасының бірінші орынбасары И. Теренченко қатысты. 

Қабылдауға келгендердің арасында Павлодар қаласының, сондай-ақ Шарбақты, Ертіс, Майжәне Железин аудандарының тұрғындары болды. Қазақстан Республикасының сенаторына медициналық қызмет көрсетуге базалық тарифтерді өзгертуде жәрдем көрсету туралы, РФ үлгісі бойынша ана капиталын енгізу туралы, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана беру мәселесі бойынша, физикалық және термодинамикалық көрсеткіштерді автоматты түрде анықтау үшін эмиссиялардың нормативтерін айқындау бойынша  техникалық регламенттерге өзгерістер енгізу туралы, жаңа техниканы енгізуді ынталандыру үшін ҚР Салық кодексінде салық төлеудің айырмашылығын көздеу және тағы көптеген мәселелер алдына қойылды.  Азаматтар мен атқарушы құрылымдар өкілдерінің арасында көтерілген мәселелерге қатысты қызу әрі мүдделі пікір алмасу өтті. Нұржан Нұрланбекұлы оған жүгініп келген әрбір азаматқа толық әрі құзыретті жауап берді, кейбір мәселелерді жеке бақылауына алды, басқаларын жергілікті деңгейде шешуді ұсынды. Сенатордың азаматтармен әңгімелесу кезінде көтерілген бірде-бір мәселе қараусыз қалмайды.