Депутаты
Павлодар қаласында құрылыс сапасына жүргізілген депутаттық бақылау
07-08-2018 16:49
Павлодар қаласында құрылыс сапасына жүргізілген депутаттық бақылау

   Облыстық орталықтағы объектілердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарының барысын облыстық мәслихаттың депутаттары Бақыт Бексейітова, Александр Касицын, Қайрат Әбішев қалалық мәслихаттағы әріптестермен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен тексерді. Депутаттар Павлодар қаласының 14 объектісінде – «Сарыарқа» шағын ауданындағы 9 тұрғын үйдің, 200 орынға арналған облыстық онкологиялық аурухананың және ауысымына 100 адамды қабылдайтын емхананың, мұз сарайының, Усолка шағын ауданындағы бассейннің, Ленинский кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Кенжекөл ауылындағы Мәдениет үйінің құрылысында болды.

  Депутаттар облыстық онкологиялық аурухананың, Усолка шағын ауданындағы бассейннің, мұз сарайының құрылысында болып, жұмыс қанағаттандырылған және кесте бойынша жүргізіліп жатқанын белгіледі.

    Ағымдағы жылы ашуға көзделген «Сарыарқа» шағын ауданының 9 тұрғын үйінен бір үй пайдалануға берілді. 6 үй бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 80 процентке орындалды, инженерлік коммуникациялар жүргізілді және қазіргі уақытта әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Көрсетілген объектілер белгіленген мерзімде аяқтау жоспарлануда. Жұмыс тобының мүшелері жұмыс кестесінен 2 айға қалып қоюды № 12, 15, 27 үйлерінде атап өтті. Депутаттар мердігерлік ұйымдардың басшыларына үйді уақтылы тапсыру және белгіленген мерзімде ашу үшін шұғыл шаралар қабылдауды, соның ішінде құрылыстағы жұмысшылардың санын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

  Кенжекөл ауылындағы Мәдениет үйінің құрылысымен танысып, депутаттар мердігерлік ұйымының басшысына объектіні шарт бойынша тапсыру үшін учаскеде жұмысшылар санын ұлғайтуды ұсынды.

   Ленинский кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жұмыс кестесінен 2 айға қалып жүргізілуде. Жоспар бойынша кешен ағымдағы жылғы 15 қазанға қарай дайын болуы тиіс.

  Барлық айқындалған ескертулер мен кемшіліктер депутаттардың қатаң бақылауына алынды.