Депутаты
Павлодар ауданында объектілердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасына жүргізілген депутаттық бақылау
07-08-2018 17:23
Павлодар ауданында объектілердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасына жүргізілген депутаттық бақылау

      Облыстық мәслихаттың депутаттары Анатолий Бойчин, Қайрат Әбішев, сондай-ақ олардың әріптестері – аудандық мәслихаттың депутаттары Айтуған Шайхимов, Гүлнәз Қайырбаева Павлодар ауданының салынып жатқан және жөнделіп жатқан объектілерінде болып қайтты.

     Депутаттар су құбырының құрылысы жүргізіліп жатқан Новоямышево және Мичурино, дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталып жатқан Новочерноярка ауылында болды. Орташа жөндеу жүргізіліп жатқан «Григорьевка – Луганск» аудандық маңызы бар автожолдарды қарап шықты. Луганск ауылындағы ветеринариялық пунктінің құрылыс барысымен танысты.

     Жалпы алғанда, барлық қаралған объектілерде жұмыстарды орындау кестесі сақталуда, қаржыландыру уақтылы қамтамасыз етілуде.

     Көрсетілген объктілер депутаттардың тұрақты бақылауында.