Депутаты
ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН ДЕПУТАТТЫҚ БАҚЫЛАУ
08-08-2018 11:53
ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН ДЕПУТАТТЫҚ БАҚЫЛАУ

       Құрамында Раис Гайнулин, Мұрат Әбдіғұлов, Гүлжан Әбішева, Айнұр Мейрамова, сондай-ақ Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы Болат Құспеков бар облыстық мәслихаттың депутаттық тобының Екібастұз қаласына шығуы 7 тамызда өтті.

       Депутаттар құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен және сапасымен, сондай-ақ кестені сақтау мәселесімен танысты.

      Бірінші жұмыс тобы «Б» блоктің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары басталып кеткен Екібастұз перзентханасына барып қайтты. Объектідегі жұмысты «Су НВК» ЖШС жүргізуде. Мердігер қаржыландырумен жұмыс кадрларымен проблемалар жоқ екенін, алайда жобаға енгізілген өзгерістер және оларды келісімдеуге кеткен уақыт жұмыстарды орындау кестесіне 1 аптаға қалып қоюына әсер еткенін атап өтті. Терезелерді монтаждау жұмысы жүргізілді, бірінші әрлеу аяқталуда. Тапсырыс берушіде және жұмыс тобында жөндеу жұмыстарының сапасы бойынша ескертулер жоқ.

     Қалада 4 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. «Гидропром» ЖШС (№3 және №4 үйлер) және «ТрансКомСтрой» ЖШС (№1 және №2 үйлер) мердігерлік ұйымдарының өкілдері депутаттарды құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды. Жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде және белгіленген мерзімнен қалу проблемалары жоқ. Тапсырыс берушіде және жұмыс тобында жөндеу жұмыстарының сапасы бойынша ескертулер жоқ.

    Құрылысы аяқталмаған «Павлодар облысының Екібастұз қаласындағы 700 оқушы орнына арналған отын-энергетикалық саласының техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталығы» объектісінде жұмыстарды «Портал ПВ» ЖШС жүргізуде. Мердігер галереяны қайта монтаждау, объектінің дренажды жүйесін және жылумен жабдықтаудың сыртқы желілерін орнату бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпараттандырды, 300 млн.теңге көлемінде бөлінген қаражат толық көлемде игерілді.

  

     

     Жұмыс тобы Солнечный кентіндегі 420 орынға арналған мектептің құрылыс объектісінде болды. Осы объектіде жұмыстарды «Стальмонтаж» ЖШС жүргізуде. Қаржыландырумен және жұмыс кадрларымен проблемалар жоқ. Депутаттар жұмыс кестесінің сақталуын, сондай-ақ құрылыс сапасы бойынша ескертулер жоқ екенін белгіледі.

  

    Жалпы алғанда, депутаттар жүргізіліп жатқан жұмыстар сапасының маңыздылығын, сондай-ақ белгіленген мерзімдердің сақталуын атап өтті, осының басым бөлігі жобаларды уақтылы қаржыландыруға байланысты.

    Екібастұз қаласындағы барлық объектілер жұмыс тобы мүшелерінің жеке бақылауында.