Депутаты
Депутаттар Железин және Качир аудандарында барып қайтты
08-08-2018 12:44
Депутаттар  Железин және Качир аудандарында барып қайтты

    Облыстық мәслихаттың депутаттары Қапенов Қабылқақ және Берковский Владимир әріптестермен – Железин және Качир аудандық мәслихаттарының депутаттарымен және аудандық газеттердің тілшілерімен бірлесіп, аталған өңірлерде салынып жатқан және жөнделіп жатқан объектілердің сапасын зерделеді.

    Железин ауданында депутаттар Железинка ауылындағы спорт кешенінің және Прииртышск ауылындағы су құбыры құрылысының барысымен танысты.

     Спорт кешенінің құрылысын ағымдағы жылғы сәуірде «Строй – ЗАСТ» ЖШС мердігерлік ұйымы бастады. Шарт бойынша объектіні тапсыру мерзімі – ағымдағы жылғы тамыздың соңы. Жалпы алғанда, құрылыс жұмысы қанағаттандырылған және кестеге сәйкес жүргізілуде.

    Прииртышск ауылындағы су құбырын «Ай - Су мелиорация» ЖШС ағымдағы жылғы мамырдан салуда. Аяқталу мерзімі – 2019 жылғы қазан. Құрылысшылар жоспар бойынша жұмыстың барлығын қамтамасыз етуде. Бүгінгі күні диаметрі 110 мм негізгі желінің 6100 метр құбыры салынды, 64 тұтынушы қосылды, 70 су құдығы қайта жөнделді. Құрылыс ұйымының басшылығы депуттарды ағымдағы жылға көзделген жұмыс көлемі орындалатындығына сендірді. Ол үшін қаржыландыру қамтамасыз етілуде.

    Качир ауданында Тереңкөл ауылындағы 24 пәтерлік үйдің, № 1 жалпы білім беру мектебіндегі акт залы корпусының, Береговое, Жаңабет ауылдарындағы су құбырлары мен су құбыры ғимараттарының құрылысын, Октябрьское – Береговое автомобиль жолындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысын қарады. Жалпы алғанда, барлық объектілерде жұмыстар ойдағыдай және кестеге сәйкес жүргізілуде.

  

    Алайда, депутаттар Тереңкөл ауылындағы № 1 жалпы білім беру мектебіндегі акт залы корпусының құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлік ұйымға объектіні 1 қыркүйекке қарай тапсыруы бойынша өз сенімсіздігін жеткізді. Объектіде барлығы 11 адам жұмыс істейді. Жұмыс әлі көп. Тапсырыс мерзімінің бұзылуы және қауырт жағдайдың пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты, олар құрылысшыларға шұғыл тәртіпте құрылыстағы жұмысшылар санын 20-30 адамға дейін ұлғайтуды және өзге де ықтимал тәуекелдер бойынша шаралар қабылдауды ұсынды.

    Барлық объектілер депутаттардың бақылауында.