Депутаты
Баянауыл ауданында құрылыс және жөндеу жұмыстары қалай жүргізілуде?
08-08-2018 18:34
Баянауыл ауданында  құрылыс және жөндеу жұмыстары қалай жүргізілуде?

     Құрамында Стрелковская Марина, Крук Олег, Сыздықов Серім, Сартаев Орал бар облыстық мәслихат депутаттарының жұмыс тобы кезекті рет Баянауыл ауданына объектілердің құрылыс және жөндеу барысын тексеру үшін барды. Жұмыс тобына аудандық мәслихаттың хатшысы Қасен Темірболат та қосылды.

       Объектілердің құрылыс, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына жүргізілген мониторинг барысында жұмыс тобы келесідей жағдайды анықтады.

  «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский» (1-10 км) автожолына күрделі жөндеуді «АИС Астана» ЖШС жүргізуде, жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Депутаттарда орындалған жұмыстардың сапасы бойынша ескертулер болған жоқ.

     «Аза» ЖШС ұзындығы 46,750 км «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский» (10-57 км) автожолын орташа жөндеуді жүргізеді. Жұмыстар маусымда басталды, кесте бойынша жүргізілуде. Бетон-қиыршық тас негіздемесі салынды (29 км).Ішінара тегістеуші қабат салынды. Жұмыс сапасы қанағаттанарлық.

    «Қалқаман-Баянауыл» (57-68,5 км, 83-92,3 км және 93,3-106 км) автожолын орташа жөндеуді «Анис» ЖШС жүргізуде. Жол бойынша ақаулықтар бар, орындалған жұмыстар сапасы нашар, жұмыстар кестесі сақталмайды. Шарт бойынша тапсыру мерзімі - 2018 жылғы қазан. Депутаттар «Қазавтожол» АҚ өкілдеріне асфальт жабындысын технологияларды сақтау тұрғысынан зертханалық зерттеу жүргізуді ұсынды.

   Жұмыс тобының мүшелері «АБК Автодор НС» ЖШС қамтамасыз ететін  «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский» (106-138 км, 138-185 км) автожолын орташа жөндеу бойынша жұмыс белсенді және кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын белгіледі. Жұмыс сапасы қанағаттанарлық. Үлкен жұмыс көлеміне байланысты, депутаттар мердігерлердің назарын объектіні мерзімде тапсыру үшін шаралар қабылдауға аударды, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдың құлама бөлігін ресімдеуді ұсынды.

    «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский» (185-231 км) автожолын орташа жөндеуді «Қарағанды жолдары» ЖШС қамтамасыз етеді. Жұмыс белсенді және кестеге сәйкес жүргізілуде. 47 шақырымнан 10 шақырымында асфальтті жабынды салынды. 22 шақырымда ресайкілеу жүргізілді. Жұмыстар сапалы және мерзімде орындалуда. Алайда, депутаттар жол жиегінің жоқтығын атап өтті.

     Депутаттар 2017 жылы «Гидропром» ЖШС мердігер «Майқайың-Екібастұз» (1-5 км, 14-19 км) және «Статус Люкс» ЖШС мердігер «Майқайың-Екібастұз(5-9 км, 19-23 км) жолдарына жүргізген қайта жаңарту жұмыстарын қарап,  «Облыс жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшылығына айқындалған кемшіліктерді ескере отырып, асфальт жабындысын технологияларды сақтау тұрғысынан зертханалық зерттеу жүргізуді ұсынды.

  Аудандық орталықта Баянауыл ауылында су құбырының құрылысын «Казстройсервис» ЖШС мердігер жүргізуде. Ұңғымасы бар су бөгетін монтаждау жұмыстары аяқталды, магистралды су құбыры монтаждалуда. Депутаттық жұмыс тобы су құбыры орнының тереңдігін сақтау, «құмды төсенішті» қамтамасыз ету бойынша өз сенімсіздігін білдірді. Көрсетілген нормаларды орындамау су құбырының қысқы уақытта қатуына әкеледі. Сондай-ақ, олар қоршаудың қажеттілігіне және стратегиялық объекті аумағының қорғалуын қамтамасыз етілуіне назар аударды.  

     «ТСК Строй» ЖШС жүргізіп жатқан Теңдік ауылындағы клуб құрылысы бойынша құрылыс аяқталғандығы, әрлеу жұмыстары бастапқы сатыда екендігі белгіленді, аумақты абаттандыру талап етіледі. Депутаттар қарау барысында объектіні ағымдағы жылғы тамыздың соңында уақтылы тапсыру бойынша өз сенімсіздігін білдірді және осыған байланысты мердігерлік ұйымның басшылығына шұғыл шараларды қабылдау және клубтің уақтылы ашылуын қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.

        Барлық мәселелер депутаттардың бақылауында.