Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Павлодар облысының кейбір елді мекендерін қайта атау және транскрипциясын өзгерту туралы
01-11-2017 00:00
Павлодар облысының кейбір елді мекендерін қайта атау және транскрипциясын өзгерту туралы

 

 БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

      (VI сайланған ХVІ (кезектен тыс) сессиясы)

 

Павлодар қаласы                                                                         2017 жылғы 16 қазан

 

Павлодар облысының кейбір

елді мекендерін қайта атау және

транскрипциясын өзгерту

туралы

 

 

 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы    4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және                    өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес,  облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 30 мамырдағы және 2017 жылғы 15 тамыздағы қорытындылары негізінде, тиісті аумақтар тұрғындарының     пікірін    ескере    отырып,    Павлодар  облысының     әкімдігі   

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:                          

  1. Павлодар облысының кейбір елді мекендері:

1)   Баянауыл ауданы бойынша:

 Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінің «Большевик» ауылы «Шоманкөл» ауылы болып;

 Баянауыл ауданы Шөптікөл ауылдық округінің «ЦЭС» ауылы «Майкөбе»  ауылы болып;

 Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің «ТЭЦ» ауылы «Үйтас» ауылы болып;

 Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінің «Күркелі» ауылы «Жұмат Шанин» ауылы болып қайта аталсын;

2)  Павлодар қаласы бойынша:

 Павлодар қаласы «Муялды» ауылы атауының транскрипциясы «Мойылды» ауылы деп өзгертілсін.

  1. Осы  қаулы және шешімнің орындалуын  бақылау облыстық мәслихаттың

азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

  1. Осы қаулы  және   шешім   алғашқы   ресми  жарияланған  күнінен   кейін              

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

        Павлодар облысының

        әкімі

                                       Б. Бақауов

              Сессия төрағасы

 

                               О. Крук

 

 

             Облыстық мәслихаттың

             хатшысы

                               

                              В. Берковский