Депутаты
Аграрлық комиссиясы облыстың эпизоотиялық жағдайымен танысты
03-09-2018 10:07
Аграрлық комиссиясы облыстың эпизоотиялық жағдайымен танысты

     2018 жылдың 27 тамызында Павлодар ауданының Красноармейка ауылында депутат, комиссия төрағасы Тұрлыбаев Жанат Қажатұлының төрағашылығымен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың депутаттары А. Касицин, М. Бақауов, С. Оразбаев, Қ.Әбішев, Павлодар аудандық мәслихатының депутаттары,облыс мемлекеттік органдарының басшылары,Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Н.Садыбеков, Павлодар ауданындағы мал дәрігерлік қызметтерінің өкілдері қатысты.

    Отырыс алдында қатысушылар құрылысы аяқталған, құжаттары тіркеуге тапсырылған екі объектіні аралады: мал дәрігерлік пунктжәне мал қорымы.    Отырыс барысында облыстың эпизоотиялық жағдайының күй-жайы мен ветеринариялық іс-шараларды жүргізу туралы облыс ветеринария басқармасының басшысы Қ. Байжанов, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы        Р. Нұрбеков баяндалды. Мал дәрігерлік қызметтерінің кадрларын даярлау туралы Красноармейканың аграрлық-техникалық колледжі директорының орынбасары Е. Дүйсенов хабарлады.   

      Талқыланған мәселелер бойынша айтылған ұсынымдар мен ескертулер есебімен, комиссия қаулы қабылдады.