Депутаты
Өзекті мәселе талқыланды
05-09-2018 10:06
Өзекті мәселе талқыланды

4 қыркүйек күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада  облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясымен ұйымдастырылған жасөспірімдер мен кәмелетке толмаған жастардың ерте жүктілігі проблемалары бойынша  дөңгелек үстел өтті. Осы өзекті мәселені талқылауға тұрақты депутаттық комиссияның мүшелері, қалалық білім беру бөлімдерінің, облыс білім беру, денсаулық сақтау және ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері жөніндегі  басқармаларының, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің, СӨС орталығының өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтар, ата-аналар қоғамы қатысты. Мәселенің өзектілігі облыста ерте жүктілік фактілері санының, соған байланысты кәмелетке толмағандардың денсаулығы үшін тәуекел факторларының өсуі мәліметтерімен аталып өтті.   Отырысқа қатысушылар білім беру және медициналық мекемелерде осы жағдайларды алдын алу және кәмелетке толмаған жүкті жас өспірімдер денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету бойынша қабылданатын жүйелік шаралармен қатар, бүгінгі күні жастарды алдын ала хабардар етудің заманауи технологиялары толық дәрежеде пайдаланылмайтынын атап өтті.  Мұндай көріністерді болдырмау және оның алдын алу бойынша жастар арасында кең таралған бұқаралық, соның ішінде жастар ортасында танымал - кинотеатрларда тақырыптық роликтер көрсету, арнайы СМС тарату арқылы,  әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыру жолымен  ақпараттық науқанның қажеттілігі белгіленген болатын. Сондай-ақ, жастарға кеңес беру және психолог-мамандармен, дәрігерлермен, заңгерлермен көмек көрсету үшін Жастар бастамаларын дамыту орталығының алаңын пайдалану ұсынылған болатын. Кеңеске қатысушылардың барлық ұсыныстары шешім қабылдау үшін ұсынымдар ретінде тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.