Депутаты
Тұрақты комиссиясының отырысы
06-09-2018 15:48
Тұрақты комиссиясының отырысы

6 қыркүйек күні Павлодар облыстық мәслихатының экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Депутаттар облыстағы қоршаған ортаны қорғау жағдайының, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда табиғатты қорғау іс-шараларын орындау мәселелерін қарастырды. Ақпаратпен облыс жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қ.Қ. Сәтиев, Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы Д.Б.Әлиев, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның вице-президенті М.А.  Бугубаев, «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры С.Л. Прокопьев сөз сөйледі.

Отырысқа қатысушылар Павлодар облысының Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері өзекті болып қала беретін негізгі өнеркәсіптік-дамыған өңірлерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Мониторинг нәтижелері көрсеткендей, қабылданып жатқан жүйелік шаралармен қоса бірқатар өзекті мәселелер қалуда, соның ішінде ауыз суының сапасы, заңсыз табиғи үйінділердің пайда болуы, ҚТҚ шығару. Экология жылы аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралар нәтижелері туралы облыс тұрғындарын кең ақпараттандыру қажеттілігі белгіленген болатын.  

Отырыс қорытындылары бойынша тұрақты комиссия, облыстың мүдделі мемлекеттік мекемелеріне және кәсіпорындарына бірқатар ұсынымдар берілген қаулы қабылдады.