Депутаты
Жолдар бойынша депутаттық бақылау
12-09-2018 17:56
Жолдар бойынша депутаттық бақылау

Соңғы екі жыл бойы жол жөндеуге айтарлықтай қаражаттар бөлініп жатыр. 2018жылы 462 шақырым жолды жөндеуге республикалық бюджеттен 5,1 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 7,2 млрд. теңге бөлінді. Одан гөрі, республикалық маңызы бар Астана-Павлодар-Семей, Павлодар-Баянауыл жолдарын жөндеуге 68 млрд. теңге бөлінді.

Дегенмен, көптеген автожолдарда рұқсат етілген нормативтерден асатын көтергіштігі 40 тоннадан асатын үлкен жүк автокөліктерінің жүру фактілері тіркелген болатын. Мұндай жағдайлар, ақыр аяғында жол төсемінің мерзімінен бұрын бұзылуына әкелуі мүмкін. Сондықтан,ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт  Бексейітова, облыстық мәслихаттың депутаты Марина Стрелковская, облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Серік Талдыбаев, жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Марат Кебекбаев автокөлік құралдарының асқынжүгін тексеру бойынша Павлодар-Майқайың автожолына рейдпен шықты.

Тексеру үшін барлығы 4 автокөлік тоқтатылды, жүргізушісі Тереңкөл ауданына көмір апара жатқан бір камазда асқынжүк анықталды. Полиция қызметкерлері бірден бірнеше бұзушылықтар анықтады: тауарлық-көлік жүкқұжаттарының және жол парағының жоқтығы, қауіпті жүк тасымалдауға рұқсатының болмауы және салмақтық параметрлерінің асып кетуіанықталды. ҚР Әкімшілік Кодексіне сәйкес жүргізушіге 400 мыңнан астам теңге көлемінде айыппұл салынады. Көлік инспекциясының басшысы Талдыкөл разрезінің басшылығына актокөліктің асқынжүгі туралы хабарлама жібереді.

Бұдан гөрі, рейд бригадасы Майқайың-Екібастұз автожолын тексерді, тексеру нәтижесінде жолда шұңқырлар бар екені анықталды.

17 шақырым автожолға 1,5 млрд. теңге бөлінді. 2017 жылы қысқы пайдаланудан кейін кейбір жерлерде жол жарамсыз болып, мердігерге оны қайта төсеуге тура келді.