Депутаты
Ғибадатхананың ашылуы
13-09-2018 18:02
Ғибадатхананың ашылуы

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Шарбақты ауданының Орловка ауылында тек ауылдағылар үшін ғана емес, бүкіл ауданның тұрғындары үшін айтулы оқиға өтті.

Ауылдың 110-жылдығының құрметіне Құдайдың Иоанн Предтечи және  Креститель пайғамбары ғибадатханасының ашылуы мен құрметтелуі өткізілді. Ғибадатхананың құрылысына деген ақша бүкіл әлеммен жиналған болатын, бас демеуші ретінде облыстық мәслихаттың депутаты, директор болып табылатын Поляков Александр Владимировичтің басшылығымен  «Победа» ЖШС атанды. Ғибадатхананы тұрғызуға 80 млн. теңге жұмсалды.

     Ашылу салтанатына облыстық мәслихаттың хатшысы Б.М. Бексейітова, Шарбақты ауданының әкімі Б.Ж. Ибраев, дін істері басқармасының басшысы Д.Қ. Зақариянов, аудандық мәслихаттың хатшысы С.В. Шпехт және ауданның өзге де басшылары қатысты.

Ашылу салтанатына сондай-ақ қатысқан, Киров қаласынан келген «Вятский терем» фирмасының директоры А.А. Яченко: «мұндай ғибадатханалар не бары 2 ғана, оның біреуі Ресейде», - деп атап өтті.       

 Мерекелік діни ойын-сауық таңғы сағат 8-ден басталды. Ғибадатхананың алдындағы алаң тек ауылдықтармен ғана емес, соған қоса  көршілес ауылдар мен аудандық орталықтан келген адамдармен толы болды. Болашақ нәзіретхананың орнында келгендердің барлығын ыстық палаумен тойдырды.

Салтанатты мереке қоңырау шылдырымен аяқталды.