Депутаты
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
13-09-2018 18:20
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітова азаматтарды жеке мәселелері жөнінде қабылдады. Оған, 2013 жылы туған қызы Фаризаға балалар милық салдануымен байланысты медициналық операция жасауға материалдық көмек көрсету сұрау мәселесімен Айнаш Шаевакелді. Бұл ауру балалар мүгедектігінің ең көп таралған себептерінің бірі болып табылады, мұнда тірек-қимыл аппаратының дамуы мен жұмыс істеуі бұзылады. БМС толық емдеп-жазуға өте қиын,бірақ кейбір  салдардың алдын алу әбден мүмкін. «Бұл үшін бала оңалту курстарынан өтуі, күн сайынемдік дене шынықтыру жаттығуларын жасауы қажет, сонда ғана БМС қалпына келтіру кезеңіне ауысады, – дейді Фаризаның мамасы». Жедел емдеу туралы хат жазып жіберген Ресей Федерациясының «Клиникалық реабилитология институты»АҚ осы жағдайды қуаттап, оң қорытындысын берді. Ол Қарағанды қаласында РФ өнертапқышы, медицина ғылымдарының докторы, профессор В.Б. Ульзибаттың әдістемесі бойынша өтетін болады.

Облыстық мәслихаттың депутаттары, тексеру комиссиясының мүшелері кішкентай Фаризаға материалдық көмек көрсетіп, анасынан жақсы жаңалықтар күтуде.

Депутаттық корпустың атынан оған сенім мен шыдамдылық тілейміз және оның сауығып кетуіне тілектеспіз!