
(VI сайланған XVI (кезектен тыс) сессиясы)
№ 152/16
Павлодар қаласы 2017 жылғы 16 қазан
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
жобалары бойынша 2018-2022 жылдарға
арналған мемлекеттік міндеттемелерді
қабылдау туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 163-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» № 725 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, соның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің 2017-2019 жылдарға арналған лимиттерін бекіту туралы» № 175 бұйрығына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне арналған жабдықпен Павлодар облысының денсаулық сақтау объектілерін жаңғырту» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес қабылдансын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім қол қойған күннен бастап енгізіледі.
Сессия төрағасы О. Крук
Облыстық
мәслихат хатшысы В. Берковский
Павлодар облыстық мәслихатының
2017 жылғы 16 қазан № 152/16
шешіміне
1-қосымша
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік міндеттемелер
Атауы | Сомасы мың теңге | ||||
| 2018 жыл | 2019 жыл | 2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Барлығы | 651 750,26 | 496 859,75 | 496 043,01 | 20 422,26 | 21 137,04 |
соның ішінде: | |||||
Облыс денсаулық сақтау басқармасы | |||||
Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне арналған жабдықпен Павлодар облысының денсаулық сақтау объектілерін жаңғырту | 651 750,26 | 496 859,75 | 496 043,01 | 20 422,26 | 21 137,04 |