Депутаты
Павлодар облыстық мәслихатының VІ сайланған XХІV кезекті сессиясы
26-09-2018 17:26

26 қыркүйекте Павлодар облыстық мәслихатының VІ сайланған XХІV кезекті сессиясы өтті. Облыстық мәслихаттың депутаттары 17 сұрақ қарастырды, солардың ішінде:

  • 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу туралы
  • облыста экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайы және қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар туралы
  • үшінші жаңғыру аясында облыста орта кәсіптік-техникалық білім берудің жағдайы және оны одан әрі дамыту бойынша шаралар туралы
  • 2017-2019 жылдары іске асырылуға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобалардың тізбесін бекіту туралы 
  • қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы
  • Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы және т.б.

Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Бойчиннің, әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қ. Қапеновтың атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.Ұйымдастырушылық мәселелер қаралды. Талқылау нәтижелері бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Осылайша, енгізілген нақтылаулар есебімен облыстық бюджеттің көлемі сумен жабдықтау және су тарту объектілерінің құрылысы және оны қайта жөндеу, тұрғын үй құрылысы, жолдарды жөндей, ауыл шаруашылығы және т.б. бойынша жұмыстарды жүргізу үшін қосымша шығыстарды көздейді.

Жағымды экологиялық күй-жайды қамтамасыз ету мақсатында экология департаментінің қызметі «экологиялық» проблемалық кәсіпорындардың санитариялық қорғау аймақтары шекарасындағы, кәсіпорындар зиянды заттар шығындыларының көлемін азайтуды қамтамасыз етуі тиіс қолайсыз метеорологиялық жағдайларда атмосфералық ауаның сапасын мониторингілеуді күшейтуге бағытталатын болады. Кәсіпорындар қызметіне экологиялық талаптарды сақтау бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу,  сондай-ақ, бұзушылықтар фактілерінің қысқаруына ықпал етеді.

Ұқсас мекемелерді біріктіру,мемлекеттік колледждердің бір бөлігін сенімді басқаруға беру жолымен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін  реформалау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.