Депутаты
Құрмет және алғыс білдіру
03-10-2018 12:14
Құрмет және алғыс білдіру

Дәстүр бойынша жылдағыдай қазанның бірінші күні облыстық мәслихат ардагерлерінің кездесуі өтті. Солардың арасында, кезінде Павлодар облысын басқарған Исаев Борис Васильевич, Сәрсембаев Қимадиден Ғабдоллаұлы, Куликова Лидия Ивановна, Куватова Светлана Абылкасымовна, Чучко Анна Яковлевна, Сәрсембенова Бижамал Нәжмиденқызы, Рахметова Ғазиза Қабиденқызы.

Ардагерлер үшін мейрамханада мерекелік түскі ас ұйымдастырылып, сыйлықтар тарту етілді. Кездесуге қатысушыларды облыстық мәслихаттың қызметкерлері  жылы-жылы лебізбен қарсы алды. Ардагерлерге көп жылғы әрі жемісті еңбегі үшін алғысын айтып, зор денсаулық және отбасылық игілік тіледі.