Депутаты
Жолдардың жөнделуі бақылауға алынды
08-10-2018 16:55
Жолдардың жөнделуі бақылауға алынды

Жолдарды жөндеудің сапасын депутаттық бақылау ағымдағы жылы әлі жалғастырылуда. Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова облыстық мәслихаттың депутаттары А. Шалабаева, Ж. Тұрлыбаев, А. Поляков, Қ. Түсіпбековамен бірге қалалық және аудандық мәслихаттар хатшыларымен бірлесіп жол объектілері бойынша рейд жүргізді.

Ақсу қаласында – Астана және Весенняя көшелерін, Беловка-Қалқаман трассасының учаскесін асфальттау. Жалпы, орындалған жұмыстар қанағаттанарлық, Беловка-Қалқаман автожолын жөндеу бойынша депутаттармен жасалған жеке ескертулер жойылатын болады.

Павлодар ауданында аудандық маңызы бар Жаңаямышево-Ольгинка, Красноармейка ауылының жолдары тексерілді. Жөндеу жұмыстары «Дорстрой» ЖШС мердігермен сапалы жүргізілді.

Аккулы ауданында Аққу-Қазы-Майқарағай жолдарының учаскелері тексерілді (ескертулер жойылып жатыр), Аққу-Бесқарағай, Ямышево ауылдары бойынша ескертулер жоқ.

Шарбақты ауданында – Шақат-Восточное-Шалдай автожолының (20,5 шақырым) учаскесін қайта жөндеу. Жұмыстар «Аза» ЖШС және «Асфальтобетон» ЖШС мердігерлерімен сапалы жүргізілді. Сондай-ақ Проверены также дороги Маралды-Жылы Бұлақ, Галкино-Жаңа ауыл-Алексеевка жолдары, Шарбақты, Хмельницкое және Александровка ауылдарының кент ішіндегі жолдары тексерілді. Жұмыстар «ПКФ Гордорстрой» ЖШС және Ай-Су «Мелиорация» ЖШС-мен орындалды.

Ақтоғай ауданында келесі жол учаскелері тексерілді: Жамбыл және Жаңабет ауылдарына кірер жол, сондай-ақ Ақтоғай ауылындағы Абай және Қайырбаев көшелері.

Мердігерлер «Нұрал» ЖШС және «СУ МВК» ЖШС жол төсемінің орташа жөндеу жұмыстарын толық аяқтады. Ақтоғай ауылында кент ішіндегі көшелердің жолжиегін қиыршықтаспен тегістеудің сапасы жағынан ескертулер жасалды, олар жойылатын болады.

Ертіс ауданында – Ертіс-Пятирыжск, Панфилово-Бестөбе (ескертулер болды, мердігер «АБК Автодор НС» ЖШС ) автожолдарының учаскелері. Ертіс және Голубовка ауылдарындағы жол, сондай-ақ Луговое ауылына кірме жол «Нұрал» ЖШС-мен жөнделді.

Май ауданында – Шыған, Малайсары, Қызылеңбек, Көктөбе ауылдарына кірер жолдар. Қызыл Октябрь-Жаңа Ақшиман автожолдары учаскелерін жөндеу сапасы бойынша мердігер «Мираторг-ПВ» ЖШС-не елеулі ескертулер жасалды.

Успен ауданында – Чернорецк-Ольгино-Успен- Шарбақты автожолдарын жөндеу (23 шақырым). Ремонт улиц в селах Успен, Константинов және Вознесен ауылдарындағы көшелерді жөндеу. Жұмыстар ескертулерсіз «ПКФ Гордорстрой» ЖШС және «Шығыс жолдары» ЖШС мердігерлерімен аяқталды.