Депутаты
Волейболдан IX жарыс
08-10-2018 17:18
Волейболдан IX жарыс

Ағымдағы жылдың 5 қазан күні «Баянтау» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күніне арналған Павлодар облысы мәслихаттарының волейболдан тоғызыншы жарысы өтті.

Негізгі мақсат – барлық деңгейдегі мәслихаттардың достық қарым-қатынастарын нығайту және дамыту,  салауатты өмір салтын насихаттау, мәслихат қызметкерлерін дене тәрбиесімен және спортпен үнемі айналысуға тарту, Павлодар облысында волейболды дамыту және дәріптеу, мықты командаларды анықтау.

Жарысқа облыстық мәслихат, екі қалалық және тоғыс аудандық мәслихаттар командалары қатысты. Турнир қатысушыларын облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітовақошаметтеді.

Табан тірескен күресте жүлделіорындарға Павлодар қалалық мәслихатының, Успен және Май аудандық мәслихаттарының командалары ие болды.  

         «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік таратушы», «Волейболардагері»номинацияларында облыстық,  Павлодар қалалық, сондай-ақ Успен, Май, Павлодар аудандық мәслихаттары командаларының ойыншылары танылды. Жарыс өткізудегі ең белсенді мәслихат хатшысы болып Мәдениет Омарғалиев – Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы танылды.

Жүлдегер-командаларға конкурс ұйымдастырушыларынан кубоктар, грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді, ал Павлодар қалалық мәслихаты, сондай-ақ, жарыстың ауыспалы кубогына ие болды.

Облыстық мәслихат аппараты жарысты ұйымдастырғаны үшін облыс дене тәрбиесі және спорт басқармасына зор ризашылығы мен алғысын білдіреді.