Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыстық мәслихаттың (VI сайланған ХII сессиясы) 2017 жылғы 31 наурыздағы «Іске асыруға жоспарланатын 2017-2019 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жергілікті жобаларының тізбесін бекіту туралы» № 103/12 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
01-11-2017 00:00
Облыстық мәслихаттың (VI сайланған ХII сессиясы) 2017 жылғы 31 наурыздағы «Іске асыруға жоспарланатын 2017-2019 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жергілікті жобаларының тізбесін бекіту туралы» № 103/12 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

(VI сайланған XVI (кезектен тыс) сессиясы)

№ 151/16

Павлодар қаласы                                                                        2017 жылғы 16 қазан

 

Облыстық мәслихаттың (VI сайланған

ХII сессиясы) 2017 жылғы 31 наурыздағы

«Іске асыруға жоспарланатын 2017-2019

жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік

әріптестік жергілікті жобаларының

тізбесін бекіту туралы» № 103/12

шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкесПавлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Облыстық мәслихаттың (VI сайланған ХII сессиясы) 2017 жылғы 31 наурыздағы «Іске асыруға жоспарланатын 2017-2019 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жергілікті жобаларының тізбесін бекіту туралы» № 103/12 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

         3. Осы шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Сессия төрағасы                                                          О. Крук

 

Облыстық

мәслихат хатшысы                                                     В. Берковский


Павлодар облыстық мәслихатының

2017 жылғы 16 қазан  №151/16 шешіміне

1-қосымша

 

 

Іске асыруға жоспарланатын 2017-2019 жылдарға

арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жергілікті жобаларының тізбесі

 

Р/с

Жобаның атауы

1

2

 

Денсаулық сақтау басқармасы

1

Павлодарское ауылының дәрігерлік амбулаториясын төлеп алу құқығынсыз сенімді басқаруға беру

2

Кенжекөл ауылының дәрігерлік амбулаториясын төлеп алу құқығынсыз сенімді басқаруға беру

3

Компьютерлік томограф орнатумен ШЖҚ «Павлодар қалалық №1 ауруханасы» КМК ғимаратының бөлмелерін қайта жаңарту және пайдалану

4

Компьютерлік томограф орнатумен ШЖҚ «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК ғимаратының бөлмелерін қайта жаңарту және пайдалану

5

«Екібастұз қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ-дағы КМК төлеп алу құқығынсыз сенімді басқаруға беру

6

Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне арналған жабдықпен Павлодар облысының денсаулық сақтау объектілерін жаңғырту

 

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

7

Ақсу қаласының көше жарығын жаңғырту және пайдалану

8

Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы сыртқы жарықтандырудың электр желілерін жаңғырту және пайдалану

9

Павлодар қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін жаңғырту және сенімді басқару

 

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

10

Павлодар облысы үшін «Черноярская жемчужина» демалыс үйінің базасында зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар үшін әлеуметтік қызмет ұйымдастыру