Депутаты
«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» ММ құқықтық бөлімінің басшысы
17-10-2018 16:01

Конкурсқа қатысушылар үшін жалпы біліктілік талаптары:

D-3 санаты үшін: жоғары білімі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес.

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

D-3

            123171

166529

 

 

 

 

 

* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады

«Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 419 - кабинет, анықтама үшін телефон/ 8(7182)30-13-60, электрондық пошта: seifullina.madina@pavlodar.gov.kz «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

«Павлодар облысы мәслихатының аппараты» ММ құқықтық бөлiмiнiң басшысы, «D-санаты,  (лауазым индексі- DО-1).

Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметінің жалпы басшылығын жүзеге асырады.Бөлім қызметкерлерін ынталандыруды және мотивациялауды жүзеге асырады: қызметкерлерді мадақтау мен марапаттауға, сонымен қатар әкімшілік жаза шараларын қолдануға ұсыну үшін материалдарды дайындайды, аппарат басшылығымен бірлесіп әкімшілік жаза қолдану туралы, сонымен қатар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкерлерді қабылдау және жұмысынан босату туралы шешімдер қабылдайды. Міндеттемелерді бөліп береді және бөлім қызметкерлерінің қызметтік этиканы және лауазымдық міндеттемелерін уақытында және сапалы орындауын бақылауды жүзеге асырады. Бөлімдегі қызметті іске асырумен байланысты құжаттардың өтуін бақылауды жүзеге асырады. Павлодар облыстық мәслихатының шешімдер жобаларын даярлауды қамтамасыз етеді. Облыстық мәслихаттың сессиясына шығарылатын құқықтық құжаттарды рәсімдеуге және дайындауға құқықтық көмек көрсетеді және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. Павлодар облыстық мәслихатының шығарылатын нормативтік-құқықтық актілерімен жұмыс жасайды. Cессия қарауына енгізілетін Павлодар облыстық мәслихатының мәселелері, шешімдерінің қолданыстағы заңнамаға құқықтық сәйкестігін қамтамасыз етеді. Бекітілген кестеге сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты шешімдерінің мониторингін өткізеді және нәтижелері бойынша ақпаратты облыстың әділет органдарына ұсынады. Павлодар облыстық мәслихатының нормативтік-құқықтық актілерінің ҚР әділет министрлігінің аумақтық органында уақытында тіркелуін бақылауды жүзеге асырады. Павлодар облыстық мәслихатының қабылданған шешімдерінің уақытында орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Ұйым қызметінде заңдылықты сақтауды және әділет органдарында, құқық қорғау, сот органдарында облыстық мәслихат аппаратының құқықтық мүдделерін  қорғауды қамтамасыз етеді. Облыстық мәслихат хатшысымен,  мәслихат аппаратының басшысымен белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы депутаттарының қызметін ұйымдастырады. Тұрақты комиссия отырыстарын, «дөңгелек үстелдер», жұмыс сапарлар мен т.с.с. дайындауды қамтамасыз етеді, қарастырылатын мәселелер бойынша материалдарды жинап комиссия мүшелеріне уақытында ұсынады. Өз қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекет етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білімі: құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе есеп және аудит және/немесе саясаттану және/немесе экономика).

Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді атқару үшін қажетті білімдер. Келесі құзыреттіліктің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, жетекшілік, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе    А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.*.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі; «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімдер

Ішкі конкурсқа қатысу үшін  қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) құжаттар берілген күнге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» ММ-нде әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде немесе «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

 _______________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

 

________  ____________________________________

(қолы)      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.