Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыс ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) бастығының есебі және олардың қызметін бағалау
01-11-2017 00:00
Облыс ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) бастығының есебі және олардың қызметін бағалау

Жоба

 

Павлодар облыстық мәслихатының

ШЕШІМІ

(VI сайланған ХVI (кезектен тыс) сессиясы)

№ 150/16

Павлодар қаласы                                                                             2017 жылғы 16 қазан

 

Облыс ішкі істер департаментінің

жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ)

бастығының есебі және

олардың қызметін бағалау

 

 

Павлодар облысының Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Ю.Ю. Колесниковтың жергілікті полиция қызметінің қызметі туралы есебін тыңдап және талқылай келе, облыстық мәслихат жергілікті полиция қызметі құқық бұзушылықтардың алдын алу, оны ескерту мен тыю бойынша, сондай-ақ, облыс аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған өзге де тапсырмаларды орындау бойынша шаралар кешенін іске асыратынын атап өтті.

Жергілікті полиция қызметі жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін 2017 жылы әкімдер мен мәслихаттар алдында ЖПҚ бастықтарының 24 есебі, халық алдында  607 есеп беру кездесулері өткізілді.

Алдын алу шаралары нәтижесінде облыс бойынша барлық қылмыстардың жалпы тіркелуі24,3%-ға (9818-ден 7428-ге) төмендеді.

2017 жылдың 9 айының нәтижелері бойынша қалалық ІІБ жол-патрульдік полициясының саптық бөлімшелері қызметкерлерінің қатысуымен 987 қылмыс ашылды, бұл 10,4 % пайызды құрайды.

Қоғамдық жерлерде, көшелерде индекстік қылмыстар бойынша айтарлықтай төмендеу байқалады, бұл қылмыстың осы түрлерін ашудың жалпы пайызына әсер етеді.

Қоғамдық жерлерде бөтен мүлікті ұрлаудың алдын алу мақсатында бөтен мүлікті ұрлаудың алдын алуы бойынша республикалық бағдарламаның орындалуы іске асырылуда, бағдарлама шеңберінде (сауда үйлерінде, қоғамдық көлікте, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде) қалта ұрыларынан сақтық шаралары туралы автоақпаратшы жүйелері, сондай-ақ тікелей тірек пункттеріне жүгінуге болатын деректері бар көрнекі ақпараттық тақтайшалар енгізлді.

Жол-көлік оқиғалар саны 0,4%-ға, қайтыс болғандар 28,6%-ға және жарақат алғандар 4,0%-ға төмендеді.

Адамдардың қаза болуымен, бұл ретте жүргізушілер оқиға орнынан қышып кетуімен байланысты жол-көлік оқиғаларының ашылуы жақсарды.  

Күн сайын қоғамдық тәртіпті қорғау және жол қаіпсіздігі бойынша қызметке 377 полиция қызметкерлері кіріседі. 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес және жоғарыда мазмұндалғанның негізінде,  Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Павлодар облысының Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Ю.Ю. Колесниковтың «Жергілікті полиция қызметінің қазметі туралы» есебі мәліметке алынсын.  

2. Павлодар облысының жергілікті полиция қызметіне (Колесников Ю. Ю.):

1) отбасылық-тұрмыстық, рецидивтік және жасөспірімдер қылмысының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету, мал ұрлығына қарсы күресті күшейту   бойынша жұмыстың тиімділігін жақсарту;

2) көшелерде және қоғамдық жерлерде жасалатын қылмыстарды болдырмау бойынша жұмысқа ерекше көңіл бөлу;

3) облыстағы криминогендік жағдайды еңсеру бойынша алдын алу шараларын қамтамасыз ету және оларды жою мен болдырмау бойынша шаралар қабылдау үшін, жасалатын қылмыстардың себептері мен жағдайларын жүйелі түрде талдау;

4) тоқсан сайын мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерге жергілікті полиция қызметінің ағымдағы қызметі жайлы объективті шолу ақпаратты ұсынуды    тәжірибеге енгізу;

5) азаматтарды, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғауға кеңірек тарту, құқық бұзушылықтың алдын алу үшін құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың әлеуеттік мүмкіндіктерін жұмылдыру;

6) облыстың әрбір аудандары мен қалаларында ЖПҚ жұмысының тиімділігін және нәтижелілігін көтеру бойынша шаралар қабылдау, ашылмаған резонанстық қылмыстарды және азаматтардың заңды құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін бұзушылықтарды ерекше бақылауға алу;

7) жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты азайту мақсатында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында болу фактілерін анықтау бойынша үнемі рейдтік іс-шаралар жүргізу;

8) бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейту;

9) облыстың автожолдарында бұзушылықтарды анықтау бойынша жедел іс-шараларды жалғастыру, балалардың, балалар жол-көлік жарақаттануының қатысуымен жол-көлік оқиғаларын болдырмау бойынша алдын алу шараларын қамтамасыз ету;

10) жариялылық пен ашықтық негізінде іскерлік және кәсіби қасиеттерін ескере отырып, жергілікті полиция қызметінің, әсіресе учаскелік полиция инспекторларының кадрлық құрамын қалыптастыруды қамтамасыз ету. Учаскелік полиция инспекторларының жұмысындағы өзінің тікелей міндеттерін орындаудың формалды тәсілін алып тастау ұсынылсын.

3. Павлодар облысының жергілікті полиция қызметімен (Колесников Ю.Ю.)  бірлесіп қалалар мен аудандар әкімдеріне:

1) көшелерде, азаматтар көп шоғырланатын, демалу және өзге де қоғамдық жерлерде құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін көтеру үшін стационарлық полиция бекеттерінің ашылуын және жұмыс істеуін көздеу;

2) жергілікті полиция қызметі басшыларының және учаскелік полиция инспекторларының тұрғындар алдында, атқарушы және өкілді билік органдары өкілдерінің және Қоғамдық кеңестер мүшелерінің қатысуымен есеп беру кездесулерін ұйымдастыруда жан-жақты жәрдем көрсету;

3) есеп беру кездесулерінде айтылған азаматтардың өтініштеріне шұғыл және тиімді ден қою шараларын қамтамасыз ету;

4) учаскелік полиция инспекторларына елді мекендер аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсету;

5) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу, заңға қайшы келетін осы әрекетпен күрестің тиімділігін арттыру бойынша бірлескен кешенді жоспар әзірлеу;

 6) жасөспірімдер мен жастардың ұйымдастырылған бос уақытын барынша  қамту үшін аула клубтары мен спорттық алаңдар желілерін кеңейту бойынша шаралар қабылдау;

7) құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қоғамдық бірлестіктермен, жергілікті қауымдастықтармен бірлескен қызметті жақсарту, халықпен профилактикалық жұмыс жүргізуде олардың рөлін көтеру бойынша тиімді шаралар қабылдау;

8) абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін және қалалар мен елді мекендер аумағында жасыл екпелерді бүлдіргені, жойғаны үшін кінәлі тұлғаларды анықтау және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты күшейту;   

9) учаскелік полиция инспекторларының тұрмыстық жағдайларын жақсарту, сондай-ақ полицияның учаскелік пункттерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша шаралар қабылдау;

10) тұрақты негізде елді мекендерде және жергілікті маңызы бар жолдарда жол-көлік оқиғаларына ұшырауға ықпал ететін кемшіліктерді анықтау үшін көше жол желілерін тексеруді жүргізу;

11) облыстың қалалары мен аудандары аумағында «Қауіпсіз аула» бағдарламасын енгізу бойынша жұмысты жандандыру ұсынылсын.

4. Павлодар облысының жергілікті полиция қызметіне (Ю.Ю. Колесников) облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен (Қ.Қ. Нұрмағамбетов) бірлесіп бас бостандығынан айыру, әлеуметтік бейімделу орындарынан босатылған тұлғаларды, белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды жұмысқа орналастыру және оңалту, әлеуметтік байланыстарын жоғалтқан азаматтарды еңбек жағынан және тұрмыстық орналастыру бойынша, тәрбиелеу колонияларынан оралған кәмелетке толмағандарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған өзге де жасөспірімдерге ерекше көңіл бөлу бойынша жұмысын жалғастыру ұсынылсын.

5. Облыс білім беру (Ж.П. Карамбаев), жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаларына (Н.В. Нефедова) Павлодар облысының жергілікті полиция қызметімен (Ю.Ю. Колесников) бірлесіп жастар мен жасөспірімдердің ұйымдасқан бос уақытын барынша қамту үшін аула клубтарының желісін кеңейту бойынша жұмысын жалғастыру ұсынылсын.

6. Ішкі саясат облыстық басқармасына (Е.Н. Дәуенов) Павлодар облысының жергілікті полиция қазметімен (Ю.Ю. Колесников) бірлесіп:

1) ЖПҚ-нің беделін арттыру, олардың қызметін жарықтандыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту, құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шараларға назар аудара отырып үнемі интернет-ресурстарда, жергілікті және республикалық БАҚ-да учаскелік полиция инспекторларының тиімді жұмысының нәтижелерін орналастыру;

2) жергілікті теледидар арналарында, кинотеатрлар желісінде, LED-экрандарында ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік, олардың бұзылуы үшін жауапкершілік насихаттауы бар, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған ішкі істер органдарымен қабылданатын шаралары бар әлеуметтік бейнероликтерді, сондай-ақ облыстың жергілікті полиция қызметінің қызметі туралы ақпаратты дайындау және орналастыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылсын.

7. Облыс әкімдігіне жергілікті полиция қазметімен (Ю.Ю. Колесников) бірлесіп жергілікті полиция қазметінің материалдық-техникалық жабдықталу жағдайын зерттеу және оны кезең-кезеңмен жақсарту бойынша шаралар қабылдау ұсынылсын.

8. Шешімнің орындалу барысы туралы ақпарат 2018 жылдың 15 наурызында облыстық мәслихатқа ұсынылсын.

9. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Сессия төрағасы                                                                  О. Крук

 

          Облыстық мәслихаттың   

          хатшысы                                                                        В. Берковский