Депутаты
Рейдке қатысу жайлы
01-11-2018 10:26
Рейдке қатысу жайлы

Павлодар облысында көгалдандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 30 қазанында Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен, Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен 2018 жылы орман ағаштарымен жұмыстар және көшеттердің жерсінуін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген шаралар тиімділігінің қорытындылары бойынша рейд жүргізілді. Рейдке облыстық мәслихаттың депутаты, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы М.В. Стрелковская қатысты.

Жыл бойы комиссия талай рет өңірдегі көгалдандыру мәселелерін көтеріп, комиссия мүшелері  рейдтерге қатысқан болатын, отырғызған ағаштардың жерсінуін қамтамасыз ету бойынша тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар жасауға бастамашылық етілді.

Көгалдандыру мәселесі депутаттық бақылауда.