Депутаты
Павлодар облыстық мәслихатының экология және қоршаған ортаны қорғау комиссиясының отырысы
07-11-2018 17:01
Павлодар облыстық мәслихатының экология және қоршаған ортаны қорғау комиссиясының отырысы

Ағымдағы жылдың 6 қарашасында Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен Павлодар облыстық мәслихатының экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.  

Депутаттар Павлодар облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілерінің жағдайы мен ҚТҚ-ды бөлек жинауды, сақтауды және кәдеге жаратуды енгізуге дайындық мәселелерін; Экологиялық технологиялар жөніндегі құзырет орталығының облыс өнеркәсіптік кәсіпорындарымен өзара іс-қимылын қарастырды. Ақпаратпен облыс жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары А.Ж. Қабылтаева, Павлодар облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Ж.Г. Кәрімов, Экологиялық технологиялар жөніндегі құзырет орталығының басшысы А.Ж. Өмірбек сөз сөйледі. Мәселелерді талқылауға қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы И.Н. Сорокина, «Спецмашин» ЖШС басшысы В.А. Рудько, Павлодар мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры Д.Х. Кенбаев қатысты.  

ҚТҚ-ды кәдеге жарату проблемаларын шешу мақсатында (2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап пластмассаны, макулатураны, картонды және қағаз қалдықтарын, шыныны, құрылыс материалдары қалдықтарын көмуге тыйым салатын норма күшіне енед) жергілікті атқарушы органдарымен бірқатар шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар атап өткендей, бірқатар проблемалық мәселелер әлі тыс қалды, соның ішінде заңсыз қоқыс үйінділерінің пайда болуы, ҚТҚ-ды жинау ережелерін бұзу, облыста ҚТҚ-ды сұрыптаумен, өңдеумен және оларды кәдеге жаратумен тұрақты негізде айналысатын мамандандырылған кәсіпорындардың жоқтығы.

Отырыс қорытындылары бойынша тұрақты комиссия қаулы қабылдады, онда мемлекеттік органдарғабірқатар ұсыныстар берілді.