Депутаты
Облыстық мәслихаттың хатшысы «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке мәселелер жөнінде азаматтарды қабылдады
16-11-2018 15:27
Облыстық мәслихаттың хатшысы   «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде  жеке мәселелер жөнінде азаматтарды қабылдады

Облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітова жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізді. Қабылдауға келушілердің өтініштері көбінесе әлеуметтік сала, ТҮКШ мәселелеріне және материалдық көмек көрсетуге қатысты болды.

Осылайша, Павлодар қаласының тұрғыны Татьяна Сапунова Кузнецкая көшесі 60 - Жаяу-Мұса көшесінің қиылысындағы жолды асфальттау мәселесімен жүгінді. Өтініш берушіге осы үйдің аула аумағын ағымдағы жөндеу алдағы уақыттағы жұмыстар жоспарына енгізілгенін хабарлады, осы аумаққа комиссиялық шығу қарастырылған.

Облыстық мәслихаттың хатшысы туғаннан мүгедек баланы тәрбиелейтін көп балалы ананың сұрауына ерекше көңіл бөлді. Ұлын емдеуге көп қаражат кететіндіктен қазір олар қиын жағдайда. Мәселе оң шешімін тапты, депутатпен өтініш білдірушіге материалдық көмек көрсетілді.

Өтініш білдірушілерді тыңдап, Бақыт Мақанқызы олардың әрбіреуіне тиісті түсініктемелер беріп, шешімдер қолданыстағы заңнама шеңберінде қабылданатынын айтты.